Жаңа жылды өртсіз қарсы алайық

Жарияланған уақыты: 25.12.2018


Жаңа жыл, жаңа жылдық мейрам, ол балалар мен үлкендердің сыйлық және жағымды әсер алатын уақыт. Жаңа жыл мерекесінің қайталанбас ерекшелігі түрлі-түсті гирлянда, бенгаль оты, мандариндер және үлпілдек шырша болып табылады. Сонымен қатар балалар мен үлкендерге бөлекше қуаныш сыйлайтын сәттердің бірі петарда ату және отшашу болып табылады. Бірлесе келе, олар ерекше көніл-күй тудырады. Мейрам тек бақытты сәттермен есте қалуы үшін, бірқатар қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, пиротехникалық бұйымдарды қолдану ережелеріне база назар аудару керек.

Жаңа жыл қарсаңында мерекеге дайындық кезеңінде пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде абайсыздық салдарынан өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу нәтижесінде өрттер және жарақат алу санының кенеттен артуына себеп болады. Осы тәрізді төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу – біздің басты мақсатымыз. Жыл сайын жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде республика аумағында шыршалардың жануы оқиғалары орын алып тұрады. Аталған өрттердің шығу себебі – шыршаларда безендіруде қолданылатын гирляндалардың қысқаша тұйықталуы.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» және «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесуі» Кеден одағының техникалық регламенттері қолданылуда екенін атап өткен жөн, оның талаптарына сәйкес жарықты гирляндалар міндетті түрде сертификатталуы тиіс. Өз кезегінде көрсетілген техникалық регламенттердің талаптарын сақтау мемлекетаралық стандарттарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Аталған стандарттар гирляндаларға жұмыстың тұрақтылығы, қажетті қорғаудың болуы өрт қауіпсіздігі, өзге де техникалық құралдармен электр магниттік үйлесуі бойынша талаптарды белгілейді.

Келе жатқан жаңа жыл мерекелерінің қарсаңында, оларды қауіпсіз өткізу мақсатында, Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Жергілікті полиция қызметімен сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды қолданыстан алу үшін рейдтік шараларды жүргізу жоспарлануда.

Бенгал оттары және түрлі-түсті отшашулар Жаңа жыл және Рождество мерекелерін қызықты және ұмытылмастай етіп өткізуге ықпалын тигізеді. Алайда пиротехникалық бұйымдардың жарқын әсерден өзге жағымсыз естелік те қалдыратындығын естен шығармаған жөн, себебі олардың барлығы жарақаттаушы және өрт қауіпті. Сондықтан пиротехниканы сатып алғанда, қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар!

Баянауыл ауданының ТЖБ естеріңізге салады:

- петарда, ракеталар, отшашуларды және басқа бұйымдарды тек қана арнайы дүкендерден сатып алыңыздар;

- қандай да бір ақаулары бар пиротехниканы сатып алмаңыздар;

- сақталу мерзіміне назар аударыңыздар;

- қолданар алдында міндетті түрде нұсқаулықпен танысып және соған сай әрекет етіңіз;

- пиротехниканы қалтаға салып жүрмеңіз;

- онымен жұмыс жасағанда темекі шекпеңіз;

- қатты жел болғанда оны ұшырмаңыз;

- бұйымды бөлшектемеңіз және механикалық әсерге ұшыратпаңыз;

- құрылыстан, ағаштардан, тез жанғыш заттардан, электр тарату желілерінен 30 метр жақын ұшырмаңыз;

- адамдар жаққа қарай бағыттамаңыз;

- онымен мас күйінде жұмыс жасамаңыз;

- пиротехникалық бұйымды созылған қолдың арақашықтығында жандырыңыз, оған қарай еңкеймеңіз;

- егер пиротехника іске қосылмаса, оны қайтадан жандырмаңыз.

Жаңа жыл мерекелері тек қана қуаныш әкелсін десеңіз – бірінші кезеңде олардың бәрі қауіпсіз болуы керек! Сәттілікті сынамаңыз – пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша қарапайым ережелерге сүйеніңіз. Абай болыңыз! Өзіңізді сақтаңыз! Сізге бақытты Жаңа жыл және Рождество тілейміз!

 

ТЖ бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы