Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қыс мезгілінде автокөлік пен алыс жолға шыққанда есте сақтауды кажет ететiн қарапайым ережелерді ұсынады:
- метеорологиялық мәлiметтердi тыңдап, ауа райының өзгерiсiн байқауға тырысыңыз;
- авто көліктің техникалық жағдайын тексеріңіз;
- сапар туралы және онда болатын болжамды уақытты туыстарыңызға және жақындарыңызға хабарлаңыз;
- сапардың бағытын біліп алыңыз. Өзіңізбен бірге қағаз түріндегі картаны алып жүріңіз, авто жолдардың бойында орналасқан жаңармай станцияларын тамақтану пункттерін және авто көліктерге арналған тұрақтарды нақты лапалыңыз;
-демалу орнын және уақытын жоспарлап алыңыз;
-өзімен бірге байланыс құралдарын, зарядтау құрылғысын және қосалқы аккумулятор алыңыз;
- жылы қысқы киім, көрпе, май шам, күрек және қолшамды алуыңы забзал;
-өзімен бірге азық-түлік, ыстық шай мен термос, сіріңке алуыңыз қажет.
Бағыт бойынша жүру кезіңде:
- жол жүру ережесін және жылдамдық тәртібін сақтаңыз;
- ауа райы жағдайы нашарланған жағдайда елді мекеннің, АҚС, жолқасындағы дәмхананың жанында тоқтап, қолайсыз ауа райдың басылуын күте тұрыңыз. Туыстарыңызға міндетті түрде хабарлаңыз;
- жоспарламаған немесе апаттық кідіріс кезіңде – үрейленбеңіз! Апаттық кідіріс белгісін қойыңыз, кідіріс сигналын қосып қойыңыз. Өтіп жатқан көліктердің жүргізушілерінен көмек сұраңыз;
- қасында ешкім болмаған жағдайда өзіңіздің орналасқан жеріңізді анықтаңыз, мысалы карта немесе электрондық құрылғылар арқылы;
- орналасқан жеріңіз туралы туыстарыңызға және жақыңдарыңызға хабарлаңыз;
- орыналған жағдай және орналасқан жеріңіз туралы жедел қызметтерге 112 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарлаңыз
- елді мекеннен алыс болсаңыз авто көліктің ішінде отырып, көмек күтіңіз;
-түнгі уақытта машинаның жарығын жағып қойыңыз;
- жанармайды үнемдеу мақсатында сағатына бір рет 10 минутқа қозғалтқышты іске қосыңыз;
- қатты аяз болғанда терезелерді және есіктерді көрпемен және басқада заттармен бітеңіз;
- кезектесіп ұйықтаңыз, егер жалғыз болсаңыз,мүлдем ұйықтамауға тырысыңыз;
- жылуды, тамақты және суды үнемдеңіз;
Осы қиын емес ережелерді сақтасаңыз, өзіңіздің және жолаушылардың өмірін сақтайсыз!
Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі