Қырлы-далалы жерлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы

Жарияланған: 23.08.2016


ЖАДУАЛ (Памятка) 

Құрметті аудан және қала тұрғындары!

         Өрт тілсіз жау. Осы тілсіз жау соңғы жылдары  қырлы далалы жерлерде көптеп тіркелуде. Осы өрт оқиғасын алдын-алу үшін төмендегідей жағдайларды қатаң сақтаңыздар:

- сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыздар;

- балаларды жалғыз, қараусыз қалдырмаңыздар;

- жол бойларына сіріңке және темекі қалдықтарын сөндірмей тастамаңыздар;

-  өздеріңізге тиесілі егіс алқаптары мен мал жайылымдық жерлердің айналасына кемінде 7 метр етіп өртке қарсы минералдың жолақтардың жасалуын қамтамасыз етіңіз ;

-  егін ору және мал азығын дайындау, яғни шөп ору кезінде қатысты барлық техникалар ұшқын шықпайтындай етіп, от тұншық тырғыштармен қамтамсыз етілген соң ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін ;

-   егін ору және мал азығын дайындау, яғни шөп ору кезінде қатысты барлық техникалар кемінде бір дана өрт сөндіргіш, 2 шаршы метр киіз немесе брезентпен және сыпырғышпен қамтамасыз етілсін ;

- барлық уақытта үйіңіздің ауласын жанатын заттардан және күл-қоқыстан таза ұстаңыздар;

- барлық ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық иелері өз аумақтарыңызда егіс алқаптары мен дала өрттерінің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауыңызды ескертеміз.

 Егерде өрт шыға қалған жағдайда оны көрсеңіз «112 немесе 101» телефоны арқылы хабарлаңыздар.

Апат айтып келмейді. Тілсіз жау - өрттен өте сақ болыңыздар.    

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау капитаны И. Рахманов

  

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы