«Улы түтіннен сақтаныңыз» атты акция

Жарияланған: 22.01.2018


Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Улы түтіннен сақтаныңыз» атты үгіт-насихат акция өтті. Акцияға Баянауыл ауданының Жастар орталығы мен «Жас Отан » жастар қанатының мүшелері, Өрт сөндіру және құтқару қызметінің жеке құрамынан және жергілікті полициянын қызметкері, барлығы 30 адам қатысты.

Акцияның мақсаты Баянауыл ауданының тұрғындарына улы түтінен сақтандыру және үгіт-насихат жұмыстарын белсендіру болып табылады. Акция барысында тұрмысы төмен отбасылардын, зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрғын үйлері басты назарда болды.

Акцияға қатысушыларға Баянауыл ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Орман Тоқтарұлы Түсіпов нұсқама жүргізіп, акцияның мақсатын түсіндіріп, өтті. Сондай-ақ статистика бойынша облыс бойынша улы түтіннен зардап шеккендерін саны 30 адамнан асып отырғанын айтып өтті.

Жыл басынан Төтенше жағдайлар, Өрт сөндіру бөлімдері және жергілікті полиция жеке құрамымен 4000 мыңға тарта тұрғын үйлер мен пәтерлерге «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздік» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 9 000 тарта адам қамтылды.    

   Тұрғындарға төмендегі қауіпсіздік шаралар сақтау ескертілді:

- Жанып жатқан пешті қараусыз қалтырмау, сондай-ақ оны қадағалауды балаларға тапсыруға болмайтыны;

- Қатты отынмен жанатын пешке суйық отынды пайдаланбау;

- Пешке жақын киімдермен және басқа заттарды кептірмеу болмайтыны;

- Пештерді уақытында күйелеп, жөндеп отыру;

- Пештің алдында 50х70 см кем емес қаңылтыр бет болуы;

Акция қаңтар айы бойы жалғасын табатын болады.  

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы