Улы (иісті) газ несімен қауіпті?

Жарияланған уақыты: 15.11.2018


Суық күндер басталды, ал тұрғын үйлерде от жағылады. Көптеген адамдар осы күні де үйлерін ағаш және көмір жағып жылытуда. Бірақ пеш немесе камин өз қожайынының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жерде айтпағым өрт туындауы туралы емес. Көзге көрінбейтін, білдіртпейтін қауіп бар - ол улы (иісті) газ. Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өзіңізді уланудан қалай сақтау керектігі туралы кеңестер береді.

Улы (иісті) газ немесе көміртегі монооксиді бар немесе көміртегі тотығы (CO), көбінесе білдірмей келетін ажал деп аталады. Негізгі мәселе мынада: оның түсі, не дәмі, не иісі болмайды, ешқандай сезіну білдірмейді (тым кеш болмай тұрғанда). Бұл ретте газ өзінің улы (иісті) қасиеттерін жоғалтпай ауамен араласып тез таралады.

Адам үшін улы (иісті) газ - ауыр у. Тыныс алу кезінде, ағзаға гемоглобин арқылы өкпеден қан жүйесіне тарайды. Нәтижесінде қан тасымалдау арқылы ағзаға жеткізілетін оттегі жоғалатындықтан, ағза оның жетіспеушілігін сезінеді. Бірінші кезекте бас миы зардап шегеді, бірақ адам денсаулығының жалпы жағдайына байланысты басқа да органдар зақымдануы мүмкін.

Айтпақшы, улану қаупі тек отты пешпен жағатын үйлерде деу қате пікір. Көміртек тотығы кез-келген толық жанбаған отыннан пайда болады. Ол газ ба, көмір ме, ағашпа, бензин бе немесе басқа отын ба айырмашылығы жоқ. Айырмашылық тек қауіп дәрежесінде.

Бас ауруы мен бастың айналуы – улы (иісті) газбен уланудың жиі кездесетін белгілері.

Зардап шеккеннің жай-күйі жиі көтерінкі, бірақ кейбір жағдайларда, керісінше, әлсіздік пен ұйқышылдық байқалады. Мүмкін өтілетін вестибулярлық аппарат жұмысының (тепе-теңдікті жоғалту, қозғалыс үйлесімінің проблемасы), есту, көру қабілеті бұзылады. Бұл белгілер естен тануға себеп келтіреді. Орташа және ауыр улану кезінде жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысына ауыр болуы мүмкін. Аритмия пайда болады (соңғысының іркіліспен болғанын байқайсыз); қан қысымы мен дене температурасы төмендейді. Мұндай жағдайда, дер кезінде медициналық көмек көрсетпесе зардап шегуші жүректің тоқтауынан немесе инфаркт миокардтан өлуі мүмкін.

Газбен улануды болдырмау жолдары.

Шынын айтқанда, бұл туралы көптеген адам біледі. Сонда да улану болып жатады. Кейбіреулерге жалпы ережені қайталанған болып көрінсе де, біз соны тағы қайталаймыз.

  1. Ақауысыз құрал-жабдықтарды ғана қолданыңыз. Пеш қалауындағы жарықтар, бітелген мұржалар және сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
  2. Желдеткішті жақсылып қамдау керек. Ауылдарда мұндай мезгілде от жағылады. Желдеткіштің жеткіліксіздігінен осындай «қауіпсіз» құралдар тағы да қайғылы оқиғаның себебі болып жатады.

Қазір азаматтар екі есе сақ болуы керек, өйткені электр желілеріне қосылған бірнеше жылыту құрылғыларының шамадан тыс жүгінен, қолдан жасалған жылытқыштарды, пештегі ақаулылар өрттердің себептері болып, солардың жағдайынан улы (иісті) газбен улануы жағдайы орын алуы мүмкін.

Сонымен қатар, мамандар келеңсіз жайттың алдын алу үшін тек сертификатталған электржылытқыштарды пайдалануға, үйдегі электрсымдарын жөндеуді тек қана білікті мамандарға жасатуға, жылыту пештеріне уақтылы тексеру мен профилактика жүргізіп, кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын қамтамасыз етуді де ұмытпау керек.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы