Уланудың себебі – тұншықтырғыш газ

Жарияланған: 14.03.2018


Жыл басынан Павлодар облысы бойынша жеке тұрғын үйлерде қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақауынан 15 аса адам улы газбен уланды.

Тұншықтырғыш газ жиі улануға әкеп соқтыратындығы заманауи қоғамымызда белгілі болуына қарамастан, бұл құбылыс кең тараған. Шын мәнінде, «тұншықтырғыш газ» термині «тұншығу» сөзінен шыққан. Көміртекті оттегісіне уаланған адам ағзасы әрекетін бірқатар жылдар бой осылай атаған. Тұншықтырғыш газдың ең жаман сипаты оның ешқандай иісі болмайды, яғни ауада оның буының болуын арнайы қондырғысын анықтау мүмкін емес. Ол барлық жерде пайда болуы мүмкін. Ол үшін кез келген жану процесі болса жеткілікті. Жану ошағының жанында оттегі концентрациясының жеткіліксіздігі кезінде тұншықтырғыш газдың пайда болуына жағдай жасалады және оның салдарынан уланады. Күтпеген жағдайда тұншықтырғыш газ буымен тыныс алу кезінде уланып, зардап шегеді. Газбен уланудың ең күнделі жағдайы 15-20 күн өткеннен кейін де белгілі болуы мүмкін. Тұншықтырғыш газбен уланудың келесі белгілерімен анықталады: бас ауыру, есінен тану, тыныс алудың қиындауы. Егер зардап шеккенге дер кезінде алғашқы көмекті көрсетілмесе, оның қаза болуы мүмкін.

Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі әр түрлі іс-шаралар өткізеді. Олардың қатарында тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігі айлықтары мен акциялары.

Тіршілік қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауда адамдардың тұншықтырғыш газдан улану және қаза болу жағдайларын едәуір төмендететіне үлкен мүмкіндік беретіні анық.

 

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы