Тұңғыш Президент күні аталып өтті

Жарияланған уақыты: 29.11.2018


1 желтоқсан, Тәуелсіз Қазақстанда  тұңғыш рет бүкілхалықтық  президенттік сайлау өткізілген болатын. 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздің тағдырлы күндерінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан күні елімізде аталмыш мереке өтуде.  Мереке қарсаңында 28 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, 28 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы  Баянауыл ауданының ТЖБ-мен бірге аудандық орталық кітапхананы көріп қайтты. Құттықтау сөзімен Баянауыл ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Түсіпов О. сөз сөйледі. Әріптестірді алдағы мерекемен №28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы бастығы азаматтық қорғаныстың майоры Изтулин Ж.К., №29 өрт сөндіру бөлімінің бастығы бастығы азаматтық қорғаныстың майоры Тумайкенов Н.С. құттықтап өтті.  Кездесу барысында қызметкерлерге экскурсия, еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасуы туралы көрме көрсетілген болатын.  Елбасы туралы көркем фильм тамашаланды.

Күннің екінші жартысында Тұңғыш президент Күніне және Тәуелсіздік күніне арналған футзалдан турнир өткізілді. Турнирге азаматтық қорғаныстың офицерлер командасы,  28 өрт сөндіру бөлімінің екі құрама командалары және 29 өрт сөндіру бөлімінің командасы қатысты. Ойын барсында турнир жеңімпаздары белгіленді.  Турнир соңында 1 орынға 29 ӨСБ командасы, 2 орынға 28 өрт сөндіру бөлімінің 1 командасы иеленсе,3 орынға азаматтық қорғаудың офицерлер құрама командасы иеленді. Турнир соңында үздік қақпашы номинациясына – 28  ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғаныстың аға сержанты  Жанайдаров Н., үздік шабуылшы номинациясына  29 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғаныстың сержанты Мадиев С. иеленді. Марапаттау рәсіміне азаматтық қорғаныстың ардагері Ибраев Б. қатысты. Ол жарысқа қатысушыларды құттықтап, мадақтамалар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.

Құрметті Қазақстандықтар, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, №28 ӨСБ, №29 ӨСБ Сіздерді Еліміздің Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

 

 

О.Т. Түсіпов

Баянауыл ауданының

ТЖБ бастығы

азамттық қорғау майоры

 

Қыс кезіндегі қауіпті жағжайларға дайындық

Жыл сайын қысқы кезеңде халық төмен температураның әсерінен ғана емес, алайда қарлы борқасын, қарлы боран, боран сияқты табиғи құбылыстардан да зардап шегеді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының құрбаны болмау үшін, немесе өзге климаттық факторлар туындаған кезде бірқатар жүріс-тұрыс ережелерін білу қажет.

Қысқы мезгілде жолға шығар алдында барлығын мұқият жоспарлап, ойластырыңыздар. Апаттық жағдайларда әрбір ұсақ түйек маңызды! Метеорологиялық жинақтарды ескере отырып, ауа-райы өзгерісін бақылауға тырысыңыз. Жолға шығар алдында ауа-райы мен болжамын анықтаңыз. Жақсы ауа-райы жолдағы қауіпсіздікке кепіл бола алмайды. Қар көшкіні кезінде опат болудан кепілдендірілген қорғаныс – бірнеше қарапайым ережелерді ұстану:

- егер автокөлікпен жолда боран, бұрқасынға тап болсаңыз жарық мата іліп, тұрақты белгілеп, тоқтауыңыз қажет;

- көліктің пердешесін толықтай жауып, қозғалтқышты радиатор жағынан жабыңыз. Көлікті капот жағымен жел бағыты бойынша орналастырыңыз;

- жанармайды үнемдеңіз, пешті үздіксіз жүргізбеңіз. Көлікті қар үйіндісімен жауып тастау қауіпі болған кезде есіктің біреуін үнемі ашып отырыңыз, жылжытыңыз, сізді салон ішінде бітеп тастамас үшін опа қарды бұзып отырыңыз;

- қаншалықты тоңсаңыз да қар астында қалған көліктегі қозғалтқышты қоспаңыз. Қозғалтқыш жұмысы кезінде бөлінетін және автокөлік салонында үнемі жиналатын пайдаланылған газдар сұрапыл аязға қарағанда сізді анағұрлым ерте өлтіреді;

- егер де жылынғыңыз келсе, далаға шығып, газды автокөлік астына емес, атмосфераға шығаратындай етіп газ шығаратын түтікті қардан босатыңыз. Бірақ та шықпас бұрын міндетті түрде жіппен оранып алыңыз. Адам өз үйінен немесе көлігінен бұрқасын жаққа жарты метрге кеткен кезде қар жылдамдығымен бір мезетте бағдарды жоғалтып, әбігерленіп, қайтыс болған жағдайлар белгілі;

- егер сіздің көлігіңіз жолда өшіп қалса, қобалжымаңыз, жағдайды, бағдарды, тұрған орыныңызды, елді-мекенге дейінгі қашықтықты және т.б. бағалаңыз. Егер сіз көмек күте тұруға шешім қабылдасаңыз, ұйықтап қалмауға тырысыңыз. Жүруге бел бусаңыз, тас жолдан, асфальттан алыстамаңыз. Себебі ол жерлерді қар басу мүмкіндігі аз және онда бағдарлауға мүмкін болатындай жиектері бар.

Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан құтылу үшін, ең алдымен, ауа райының өзгерісін, метрологиялық мәліметтерді, Төтенше жағдайлар департаментінің қатты аяз, боран және қарлы борқасын кезіндегі халықтың іс-әрекеті туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы арнайы хабарламаларын үнемі қадағалау қажет.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы