Төтенше жағдайлар бөліміне саяхат

Жарияланған: 16.10.2017


Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарының бірі -  мектеп оқушыларының арасында жүргізілетін түсіндірме жұмыстары, кездесулер, саяхаттар. Осындай таным саяхаты сенбі күні төтенше жағдайлар бөліміне Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты мен №2 мектеп оқушыларының келуімен ұйымдастырылды.

Жалпы саны 33 болатын оқушыларға №28 өрт сөндіру бөлімше қызметкерлері арнайы техникалық құралдарды көрсетіп, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен, қолдану аясымен таныстырды.  Төтенше жағдайлар болып қалған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі айтылды. Ең бастысы, ТЖ болдырмау үшін белгіленген шарттарды қатаң сақтап, ережелерді орындау маңыздылығы тағы да ескертілді.

Ойын жастағы балалар өміріне қауіпті жағдайларға душар болып қалмас үшін ата-аналардың, үлкендердің де күнделікті өмірде балаларға ескерту жасап отырғаны дұрыс. Қауіпті жағдайларды тек  «олай істеме, былай істеме» деп қана емес, олай істесе қандай жағдайлар болуы мүмкін екендігін түсіндерген жөн.

 

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы   С.Б.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы