Тұрғындарды өрт қауіпсіздігінің шараларын үйрету кезіндегі КТИ үгіт жұмыстары

      29-ӨСБ барлық қызметкерлері тұрғын үй секторында әсіресе, көп балалы отбасы, жалғыз басты қариялар тұратын иеліктегі үйлерде үй-үйді аралауды үздіксіз жүргізеді. Мереке күндеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Қызметкерлеріміздің нұсқаулықтарына Майқайың кентінің  тұрғындары бейжай қарамайды және әрқашан құлақ асады. Мұндай тексерістер зор мағынаға ие және өрт қауіпсіздігінің төмендеуіне көмектеседі.

29-ӨСБ   қызметкерлері тексеріс кезінде үй иелерімен алдын-алу әңгімелерін жүргізді, тұрғындардың өрт-техникалық минимум бойынша білімі тексерілді, сонымен қатар, ауылдастарының сұрақтарына жауап берді, үй иесі және отбасы мүшелеріне өрт қауіпсіздігінің ережелерін түсіндіріп тыңдаушыларына өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратты.

Сонымен қатар жасөспірімдермен Көкшетау техникалық институтқа түсудің шарттары, білім алудың принциптері және аталған оқу орнының оң жақтарын түсіндірумен қоса оқуға түсу туралы  үгіт әңгімелер жүргізді.

 

29 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы

азаматық қорғау майоры                            

Нұрлан Тұмайкенов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы