Введите ваш запрос для начала поиска.

Тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу

1 қыркүйектен басталған өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Баянауыл ауданының Ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің участковыйлары және Баянауыл ауданының  ТЖ бөлімінің мамандары тұрмысы нашар отбасылар тұратын жерлерге профилактикалық рейд жүргізеді. Жылыту маусымының алдында электрқыздырғыштарды қолдану қағидасын халыққа түсіндіру және пешпен жылытуды қолданған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық беру өте өзекті.

Инспекторлар мен полицейлер, қайғылы жағдайларға жиірек үй тұрғындарының зиянды әдеттері, әсіресе мас күйде шылым шегу мен спирттік ішімдіктер ішу әкеліп соқтыратындығын атап айтты. «Мас күйде адам болып жатқан жағдайға бірден назар аудара алмайды. Сондықтан өрттердің себептері пеште отынның көп болуы, пеш есігінің жабылмауы және басқа болуы мүмкін», - деп атап өтті Баянауыл ауданының ТЖБ аға инженері Рустем Толегенов.

Жылыту маусымы кезеңінде өрттер мен тұншықтырғыш газбен улану жағдайлары іс жүзінде апта сайын, оның ішінде негізгі пайызы пештерді уақытында тазаламау және авариялық қолдану себебінен болады. Өткен жылыту кезеңінде Баянауыл ауданы бойынша 2 адам қатты улану салдарынан ауруханаға түсті.

Рейдтерді өткізген кезде пештерді және электрқұрылғыларын қолдану қағидасы мен жекеменшік тұрғын үйлердегі электрсымдарының жағдайына аса назар аударылды. Өрттердің ықтимал туындау қаупі бар үйлер мен отбасыларға, рейдке қатысушыларға кейде бірнеше рет келуге тура келеді, үй иелері бұзушылықты жойғылары келмейді, міне сондықтан олармен әңгімелесу және нұсқаулық өткізеді, қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады.

Үйлер мен пәтерлердегі анықталған бұзушылықтардың арасында: бұрандылар, ұзартқыштар, ілініп тұрған сымдар, желілік адаптерге үлкен күш түсіру – мұның барлығы қысқа тұйықталуға әкеп соқтырады. Өрт қауіпті жағдайды болдырмау үшін азаматтарға бұзушылықтарды жою ұсынылды, барлық тұрғындарға электрқұрылғыларын қолданған кезде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы жаднама тапсырылды. Баянауыл ауданының ТЖБ аға инженері Рустем Толегенов айтуы бойынша, Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің алдарына қойған негізгі міндетті, осы іспеттес профилактикалық шаралар өткізгенде, - ауданның әрбір тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өз қауіпсіздігіне немқұрайлы қараудан қайғылы жағдайларды болдырмау үшін бар мүмкіншілікті жасау.

Полицейлермен рейдтерден басқа аудандағы өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамымен аула ішілік аралау жүргізіледі, онда өрт сөндірушілер тұрғындарға газ баллондары мен пеш құрылғысын дұрыс орнату және қолдану қағидасын түсіндіріп береді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы