Тұрғын үйлерде пештерді орнату және пайдалану кезінде кейбір міндетті өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері

Жарияланған уақыты: 25.12.2018


Тұрғын секторда от жағу маусымы ең қауіпті кезең, себебі пешті жағып, электржылытқыштарын қосып, жеке үйлердің тұрғындары түтіндіктің ақаулығынан және т.б. себептерден болатын өрттердің пайда болуының салдары туралы еш ойланбайды.

Тұрғын секторда адам өліміне әкелетін және өрттің пайда болуына әкеп соқтыратын негізгі себептің бірі болып бұл қатты және сұйық отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады. Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. Пештерді жөндеу және қалауды тек қана осы жұмысты атқаруда осы саладағы жоғары кәсіптік мамандарға сеніп тапсыруға болады.

Пештер, түтін шығаратын мұржалар ағаш шатырларымен қиылысатын орындары кірпішпен жуандалып қалануы керек. Пеш қабырғаларының жуандығы туралы да ұмытпаған жөн.

От жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларға қарауды тапсыруға өте қауіпті. От жағуға жанармай, жермай, дизель отыны мен басқа тез жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Кез келген пештің жеке іргетасы болуы керек және ол ағаш конструкциялардың қабырғаларының біріне барлық жазықтығымен жанасып жатпауы керек. Олардың арасында ауа аралығы – бос жер қалдыру қажет.

Ағаш еденге пештің алдына күймеген, зақымдалмаған көлемі 50 х 70 см металл оттық алды қаңылтырын (ағаш немесе жанғыш материалдардан жасалған еденге) қағу керек. Пештің қызып кетуіне жол бермес үшін пешке отты жарты сағат сайын жаққаннан гөрі күніне екі-үш рет жаққан жөн. Ұйқыға үш сағат қалғаннан бұрын пешке от жағуды тоқтатқан жөн.

Қаланған пеште жарықтардың пайда болуын болдырмау үшін, пеште жиналған күйеден түтіндіктерді ұдайы тазалап тұру қажет.

Пештің үстіне киімдер мен отынды кептіруге болмайды және де үй жиһаздары, перделер жанып жатқан пештен жарты метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы керек.

От жағу маусымы басталар алдында шатырларда түтін жолдары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғалар әктелуі керек.

Пештің ұзындығына, көлеміне сай келмейтін отынды пайдалануға болмайды, себебі пештің аузынан шығып тұрған отынмен от сыртқа шығып жақын жердегі заттарға, еденге, қабырғаларға түсіп олардың жануы мүмкін.

Оттықтан шығарылған ыс пен күлге су құйып, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгу керек.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындардан қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұрайды. От бұл игілік те, апат та екенін естен шығармаған жөн. Соңында зардап шекпес үшін – суық күндері қалай жылынуды алдын ала ойланған қажет.

 

ТЖ Бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы