Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі

Жарияланған уақыты: 25.12.2018


Өрт – бұл әрқашан қайғы. Алайда, өрт кезіндегі қарапайым жүріс-тұрыс қағидаларын бәрі біле бермейді. Тіпті, бала кезден таныс - «101-ге қоңырау шалыңыз» тіркесі үрейлену кезінде естен шығады. Міне, сізге қиын жағдайда көмектесетін бірнеше ең қарапайым кеңестер. Басты қағида – ешқашан дүрлікпеу!

Өрттердің көпшілігі тұрғын үйлерде болады. Олардың себептері әрқашан дерлік бірдей – тозған байланыс, ақаулы электр сымдары, рұқсат етілмеген жерлерде шылым шегу және қараусыз қалдырылған электр құрылғылары.

Егер сізде немесе сіздің көршілеріңізде өрт шықса, ең бастысы – бірден өрт күзетін шақыру.

Егер тұрмыстық электр құрылғысы жанса, оны тоқтан ажыратыңыз, егер теледидар жанса – ең алдымен, шанышқысын розеткадан жұлып немесе электр тұстамасын тоқтан ажыратыңыз. Есіңізде болсын! Жанып жатқан теледидар көптеген улы заттарды бөледі, сондықтан да бөлмеден адамдарды бірден шығарыңыз. Ауаның келуін тоқтату үшін теледидарды кез келген қалың матамен жабыңыз. Егер ол көмектеспесе, артқы қабырғасындағы тесік арқылы теледидарға су құйыңыз. Осы кезде жанында тұрыңыз: өйткені кинескоптың жарылуы мүмкін. Барлық терезелер мен желкөздердің жабықтығын тексеріп алыңыз, әйтпесе, таза ауаның болуы отты күшейтеді. Егер басқа электр құрылғылары мен сым жанып жатса, онда өшіргіш, сөндіргіш немесе электр сақтандырғыштарын сөндіру керек және осыдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру қажет.

Егер өрт бөлмелердің бірінде шығып және тараса, жанып жатқан бөлменің есіктерін қатты жабуды ұмытпаңыздар – бұл оттың барлық пәтерге және баспалдақ алаңынан тарап кетуіне жол бермейді. Басқа бөлмелерге түтін енбес үшін, есікті дымқыл шүберектермен қалыңдатыңыз. Қатты түтінге оранған кеңістікте еңбектеп немесе бүгіліп қозғалу қажет.

Кең таралған пікірге қарамастан отты жай сумен сөндіру – тиімсіз. Ең тиімдісі өрт сөндіргішті, ал ол жоқ кезде – дымқыл шүберекті, құмды немесе тіпті гүл қыш құмырасының топырағын қолданған дұрыс.

Егер сіз өртті өз күшіңізбен сөндіре алмайтыныңызға көзіңіз жетсе, тез арада оқиға орнынан кетіңіз. Құжаттарыңызды, ақшаларыңызды алып пәтерден кіру есігі арқылы шығыңыз. Егер кіру есігіне дейінгі жол от пен түтінге оранса – өзіңізді балкон арқылы құтқарыңыз. Айтпақшы, өртеніп жатқан пәтердегі ең қауіпсіз жерлер – балконда немесе терезе жанында. Бұл жерде өрт сөндірушілер сізді тезірек табады! Күн салқын болған жағдайда жылырақ киініңіз. Балконның есігін ақырын ашыңыз, өйткені таза ауаның көп ағынынан от өршіп кетуі мүмкін. Өзіңіздің артыңыздан балконның есігін дұрыстап жабуды ұмытпаңыз.

Төменгі қабатқа немесе жапсарлас балкон арқылы көршілерге өтіңіз (балкон люгы арқылы). Бірақ есіңізде ұстаңыз: жіптер, жаймалар және су ағызатын құбырлар арқылы түсу өте қауіпті. Сонымен қатар төменге секіруге болмайды!

Өзіңді құтқарудың тағы бір жолы – терезе арқылы. Бөлмеге кіретін есікті шүберектермен қалыңдатыңыз. Сіздің шақырғаныңызды естігендеріне көзіңіз жеткен кезде түтін аз болатын еденге жатыңыз. Осылай, жарты сағаттай шыдауға болады.

От пен түтін төменнен жоғарыға тарайтындықтан, әсіресе, жоғарғы қабаттардың тұрғындары абайлауы керек.

Егер сіз кездейсоқ түтінге оранған кіреберіске тап болсаңыз, қабырғаларды ұстап, шығатын есікке қарай барыңыз (таяныштар көбінесе тұйық жерге апарады). Биік үйде бола тұра, оттың арасымен төменге жүгірмеңіз, ғимараттың шатырындағы қорғану мүмкіндігін пайдаланыңыз, өрт баспалдағын қолдануды ұмытпаңыз. Өрт кезінде лифтіні пайдалануға болмайды – ол кез келген уақытта өшіп қалуыы мүмкін. Сонымен қатар, сіз өзіңізді өзіңіз қақпанға кіргізесіз, өйткені лифтіде жанып жатқан қабаттардың арасында тұрып, тұншықтырғыш газбен уланып қалуыңыз мүмкін. Кіреберістен сыртқа шыққан кезде көбірек ауаны ұстап және де мұрныңыз бен аузыңызды дымқыл мойынорағыш пен орамалмен қорғаңыз.

Құрметті азаматтар!!! Өрт қауіпсіздігі қағидаларын елемеуге болмайды, сонда ғана Сіз өзіңізді және өзіңіздің мүлкіңізді оттан қорғай аласыз!!!

 

ТЖ Бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы