Тұрмыстық газ жарылыстарының алдын алу

Жарияланған уақыты: 07.02.2019


Тұрмыстық газдың өрт немесе жарылысқа қауіпті екені баршамызға белгілі. Өрттердің басым бөлігі газды қолданумен байланысты, газ плиталары мен баллондарды дұрыс пайдаланбау салдарынан өрттің шығуы мүмкін.

Қазіргі уақытта елордада газ баллондарын өткізушілер негізінен газ баллондарын оларды орнатпай және газ плиталарына техникалық қызмет көрсетпей сату жұмыстарын жүргізуде. Сондықтан тұрғындардың өздері газ баллондары мен плиталарын дұрыс пайдалануға жауапты.

Газ баллондарын орнату және газ плиталарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Көп жағдайда абайсыздық ұқыпсыздыққа әкеліп соқтырады. Тұрмыстық газды қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы және отты дұрыс пайдаланбау салдарынан адам қазасы мен жарақаттануына себеп тұрғын секторларында кең таралған газдан улану болып табылады.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды бөлшек саудада өткізуді газ желісі ұйымдары және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады, олар тұрмыстық баллондардың дұрыс техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті. Қабаттылығы екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

Өрт шыққан жағдайда «101» нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

Баянауыл ауданының ТЖ бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы