Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары

Жарияланған уақыты: 25.12.2018


Өрттер үй мүлкін жойып, мемлекетке және меншік иелеріне материалдықзалал келтіреді.

Тұрмыста өрттер туындауының негізгі себеп- тері, өрт қауіпсіздігі ережелерінің келесі бұзу- шылықтары болып табылады- отпен абайсыз болу қолдан жасалған жарамсыз жылыту құралдарын қолдану, пештерді дұрыс орнат- пау, қоқысты жағу, құраған шөпті өртеу. Мас күйдегі адамдардың кесірінен көптеген ерттер болып тұрады. Өрт қауіпсіздік ережелері қарапайым әр адам оларды орындай алады. Оларды сақтасаңыз мүлкіңіз бен үйіңізді аман алып қаласыз.

Турмыста өрттердің алдын алу мақсатында келесі ережелерді сақтаңыз:

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;

- газ және электр тұрмыстық құралдарын қосылған қалпында қараусыз қалдырмаңыз-қолдан жасалған электр құралдарын қолдан- баңыз.

Егер пәтер ішінде газ иісі шыққанын сезсеңіз:

- газ крандарын жабыңыз;

- электр жарығы мен құралдарын қоспаңыз;

- ашық отты қолданбаңыз ( жарылыс болуы мүмкін);

- ескі электр сымдарын қолдануға жол бер- меңіз, оларды шегеге ілмеңіз және түсқағазбен жапсырып тастамаңыз;

- «жучок» атты электр сақтандырғыштарын қолданбаңыз;

- зақымдалған электр розеткалары, вилка, рубильниктері және т.б.қолданбаңыз;

- қоқыс құбырына сөнбеген сіреңке, темекі қалдықтарын тастамаңыз;

- тұрғын үйлердің жертөлелерінде мотоцикл, мопед, мотороллер, жанар-жағар май, бен- зин, лак, сырларды және т.б..

Турғын үйлер мен жатақханалардағы өрт қауіпсіздік шаралары.

Тұрғын үйлерде, қора қопсыларда, жеке көлікжайларда, жатақханалардағы өрттер көбінесе (темекі шегу, сіреңке, алау, қыздыру лампаларын қолдану),жылыту, электр жылыту құралдары, электр құралдарын қолдану бары- сында отпен абайсыз болудан туындайды.

Электр желілері және электр қуралдарын қолдану барысында тыйым салынады:

-оқшаулауы зақымдалған электр сымдарын қолдануға, сымдарды бұрмалап байлауға, оларға аспашамдарды іліп қоюға;

- жанбайтын қойғыштары жоқ электр үтік, электр пештері, электр шәйнектерін, қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолда- нуға;

- электр желілерін қорғау үшін қолдан жасал- ған сақтандырғыштарды қолдануға (сым бұрандалары, шегелер және т.б.);

- қуаттылығы жоғары бірнеше электр құралда- рын бір сәтте электр желіге қосуға;

- тұрғын үйді жарықтандырудың электр тарату жайына рұқсатсыз кіруге. Электр қуаты ағытылып қалған жағдайда электр құралда- рын жөндеу маманын шақырту қажет.

Теледидарды қолдану барысында тыйым салынады:

- қолдану бойынша нұсқаулықта қарастырыл- маған сақтандырғыштарды пайдалануға;

- теледидарды жиһаз қабырғашасына жан- ғыш заттар мен жылыту құралдарының маңында орнатуға;

-теледидарды қараусыз қалдыруға, оны еш үзіліссіз қолдануға, қосуын балаларға сеніп тапсыруға және де теледидар қосулы тұрған- да балаларды жалғыз қалдыруға.

Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау Сіздің және маңайыңыздағы адамдар қауіпсіздігінің кепілі болыптабылады.

Өрт туындаған жағдайда, дереу «101» телефоны арқылы өртке қарсы қызметіне хабарлаңыз, нақты мекенжай мен ерттің туындаған орнын атаңыз.

 

 

ТЖ бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы