Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпаңыз!

Жарияланған уақыты: 11.04.2019


Құрметті тұрғындар,  өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Электр  энергиясымен пайдалану кезінде, жанбайтын тіреулерде тұрған  жарамды электр құралдары болған жағдайда ғана электр желісіне қосыңыз. электр құралдарын жанатын заттарға және ағаш конструкцияларына жақын емес орналастыр.

Электр  шамдар негізінен қағаз және мата абажурларына  тимегенін қадағалаңыз.

Үйден  шыққанда электр жарықтандыруды өшіруге ұмытпаңыз. Барлық электр құралдары, оның ішінде теледидар, радиоқабылдағыш, музыкалық орталық, басқа да (тоңазытқыш) құралдарды розеткадан ажыратыңыз.

Қолдан  дайындалған ұзартқыштарды қолданбаңыз.

Бір уақытта тұтынушылардың  электр желісіне бірнеше қуатты электр энергиясы бар құралдарды (электр плитасы, электрокамин, шәйнек және т. б.) қосу тудыратын жағдайларды болдырмау тиіс.

Судың электр сымдарына түсу қауіпті. Оларды тұсқағаздарға, сымға ілуге болмайды, үстінен ештене жабыстыруға, созуға болмайды. Тозған қосқыш шнурларды, ұзартқыштарды қолдану  дұрыс емес. Ақаулы ажыратқыштарды, розеткалар, шанышқы, жалаңаштанған сымдарды пайдалану, қосу сымдар көмегімен бұрау өте қауіпті.

Стандартты емес қолдан жасалған сақтандырғышты ("қоңыздар") пайдалану күрделі қауіп төндіреді, дұрысы  тек зауытта шығарылған электр желісіне шамадан тыс жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғайтын сақтандырғыштарды қолдану керек.

Барлық  тұрмыстық электр приборларының жарамдылығын және тазалығын қадағалаңыз. Электр сымдарын монтаждау және жөндеу жұмыстарын тек мамандарға сеніңіз.

Ұмытпаңыз, газ өте қауіпті, пәтерде газдың иісі болған  жағдайда, электр жарығын, сіріңке, темекі шегуге, ашық отты қолдануға болмайды. Бұл жағдайда, апатқа қарсы қызметті  дереу шақырып, олар келгенше мұқият үй-жайларын желдету керек.

Газ құбырын, газ аспаптарының крандарының жабықтығын тексеру керек. Алдында сіріңке жағу керек,содан кейін газ кранынашу қажет.Жанып жатқан оттын үстінен қайнап жатқан зат төгіліп қалмауын қадағалау қажет, жоғары қабырғалы ыдыс-аяқты қолданылған жөн. Қолданыстағы   газ аспаптарын қараусызқалдыруғаболмайды. Плитаның үстінде ешнәрсе кептіруге болмайды.

Пәтерлердегі көптеген өрттер шылым шеккеннен туындайды. Әсіресе мас күйіндегі адамдар төсек үстінде шылым шегіп, сонымен үлкен қатер туғызады.

Газ плитасы, пеш жанып тұрғанда, электр құралдары жұмыс жасап тұрған  кезде балаларыңызды жалғыз үйде қалдырмаңыз.

Сіріңкені балалардың назарынан аулақ сақтаңыз. Өрттің шығу себебі - балалардың сіріңкемен ойнауы.

Өрт шыққан жағдайда баспалдақ торы, дәліз адамдар үшін қоныс аударуға арналған қосалқы шыға беріс болып табылады.  Баспалдақ астына қоймалар жасауға, шыға берісті толтырып қоюға болмайды. Шатырдың, еденнің астарын таза күйде ұстау керек. Өрт  шығу жағдайы туындап жатса, бірден «101» телефоны бойынша өртке қарсы құтқарушылық қызметінің бөлімшесіне хабарлаңыздар.

Баянауыл ауданының ТЖ бөлімі

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы