Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік қағидалары

Жарияланған уақыты: 25.05.2018


Тұрмыстағы өрт оқиғалары жиі орын алуына байланысты ТЖ бөлімі өрт қауіпсіздік қағидаларын тағы ескертеді. Өрттердің көбі мемлекеттік өртке қарсы қызметтің органдарымен бақыланбайтын объектілерде – тұрғын үй секторларында орын алады. Өрттердің көбі отты абайсыз қолдану, пешпен жылытуды пайдалану кезінде, электр құралдары мен жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу сияқты себептерден болады.

Электр құралдары мен сымдарының жарамдылығына ерекше назар аудару қажет. Үзілген және жарамсыз резеткелерді, ажыратқыштарды, патрондарды ауыстыру қажет. «Қоңыз» секілді қолдан жасалған, калибрлендірілмеген, балқығыш ендірмелерді зауытта жасалған қорғағыштардың орнына қолдану, ол өте қауіпті – бұл жағдайда өрт шарасыз. Электр жүйелеріндегі өрттердің жиі себептері - электр жүйелеріне шамадан артық күш беру, үлкен өтпелі кедергілер және қысқа тұйықталу болып табылады. Есте сақтаңыздар, электр жүйесіне қуаттылығы үлкен бірнеше электр приборларын бір уақытта қосу оның шамадан тыс күш жұмсауына алып келеді. Электр сымдар жүйесін оқшаулау ақаусыз болуы қажет. Егер, сіздің пәтеріңізде немесе үйіңізде ескірген электр сымдар жүйесі, бұзылған электр рәзеткілері, патрондар болса, өрттердің пайда болу мүмкіндігінің алдын алыңыз – ақаулықты жою үшін электрикті шақырыңыз! Бұралған, қатты майыстырылған және түйіндерге байланған, сондай-ақ, шегемен бекітілген электр сымдар жүйелері оқшаулаудың зақымдалуына алып келуі мүмкін, сондықтан, олай жасауға мүлдем тыйым салынады. Үйден шығарда, электр құралдарын жүйеден ажыратыңыздар! Есте сақтаңыздар: болуы мүмкін қайғылы оқиғаларды және өрттерді сөндіргеннен гөрі, алдын алған жеңілірек.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы