Тұншықтырғыш газбен улану

Жарияланған: 22.01.2018


Ауа-райының салқындауымен пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан облыс бойынша жазатайым оқиғалар саны артып және адам қазасы орын алады.

Осы оқиғалар негізінде аяздар басталысымен, сұйық және қатты отынмен пеш жағу көбейгенде және халық қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытып қалғанда болады.

Ауада отынның әр түрлері толық жанбаған кезінде тұншықтырғыш газ пайда болады. Пештегі түтін шығу орынды күні бұрын жабу кезінде улану жиі болады. Жанбаған көмір көмірқышқылмен әрекеттеседі және тұншықтырғыш газ пайда болады.

Сонымен бірге, тұншықтырғыш газбен уланудың өзге себептері болу мүмкін: пешпен жылыту ережелерін бұзу (пеш қалқанды уақтылы емес жабу, отын салу жеріне жеткіліксіз ауа келу, түтін тартымы шамалы), пеш және түтін шығу орынның жарамсыз жұмыс жасау (пештің құрылысында жарықшалар бар, түтін шығу орны жабық).

Тұншықтырғыш газдың түсі мен иістің жоқтығы оны аса қауіпті болып етеді. Уланудың симптомдарын анықтау қиын, сондықтан дімкәстіктің себебі улы газ болып табылатынын білмеуге де болады. Бір ғимаратта болған барлық адамдарда бірдей симптомдардың пайда болуы тұншықтырғыш газбен улану уақытын белгілеуге мүмкіндік береді.  

Көміртек тотығының көп емес шоғырлану кезінде уыттылық әрекет ету мен уланудың алғашқы белгілері көріну мүмкін: жас ағу, бас ауруы және бас айналу, әлсіздік және жүрек айну, құрғақ жөтел, шатасқан сана, көру және есту елестері болу мүмкін. Улану симптомдарын сезгеннен кейін үйден жедел сыртқа шығу керек.  

Тұншықтырғыш газбен улану, қозғалтқышы істейтін автомобильде ұзақ уақыт болған кезінде (шығару газдың жиналуынан), өрт ошағында ұзақ уақыт болған кезінде болу мүмкін.

Тұншықтырғыш газбен улану симптомдары әртүрлі – бас ауру, самайда соққылар, жүрек айну, ұйқышылдық, аз уақытқа талып қалудан бастап сал ауруларға, естен тану, тыныс алу мен ми қанайналымның бұзылуымен бірге коматозды күйге дейін болады. Ауыр жағдайлар жүректің қызметін тоқтату мүмкін. Зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жатқызу қажет.

Дәрігер келгенше науқасты таза ауаға шығару керек – бұл ауруханадан тыс барлық көмек көрсету. Кейін стационарда өттегіні ұзақ деммен қабылдау, аппаратпен жасанды  тыныс алу өткізіледі; ағзаның зардап шеккен жүйелердің тіршілік әрекетін қалпына келтіретін құралдары қолданылады.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы