Тауда болған төтенше оқиға

Жарияланған: 22.08.2016


     Жасыбай демалыс аймағына Павлодар қаласынан келген алты демалушы тауға шығып, табиғатты тамашалап, серуендеп қайтуды ұйғарады. Сағат 17 шамасында серуенге шыққан топ келесі күні таңғы 5 шамасында ғана қайта оралады.

     Бұл серуен неге он екі сағатқа созылған  екен? Себебі алдында анау ағашты, мынау ұсақ жануар мен өсімдікті тамашалаған топ алдында жүгіріп бара жатқан бала тіпті ұзап кеткен. Оның соңынан қалып қоймайық деген топ мүшелері ере берген. Енді кері қайтайық деп қамданса, айналасындағы табиғат көрінісі барлық жерде  бірдей көрінген. Қазір былай жүреміз, одан соң былай жүреміз деп, өздерінше жол іздеп жүріп әбден адасқан. Тек қараңғы түскенде бірінің ұялы телефонында такси жүргізушісінің номері бар екені есіне түсіп, сол кісіге звондаған. Болған жағдайды айтып, үрейленіп отырғанын жеткізген. Жүргізуші полицияның тірек пунктіне  келіп, барлығын айтып береді. Кезекші полицейлер аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесіне түнгі сағат  23те хабарлама жасайды. Құтқарушылар, аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері құтқару жұмысын бастап та кетеді. Жасыбай демалыс аймағында демалып жатқан кәсіби альпинистер  М.Р.Каримова, Е.Б.Романескул, А.В. Шнейдер, Е.Н.Белоусова болған жағдайды естіп, өз еріктерімен көмектерін ұсынады. Құтқарушы топ түнгі сағат 2 де адасқандарды ұялы телефонмен байланыс жасап отырып тауып, 450 метр биіктіктен аман-сау тау етегіне түсіреді. Адасқан топ Қарабұлақ пен  Мыстан тау шатқалдарының арасындағы шығуы қиын жерге кетіп қалғандарын өздері де білмеген. Әбден тоңған, үрейленген серуендеушілер алғыстарын жаудырып айтып, ұйқыға кетеді. Ұсынылған медициналық көмектен бәрі де бас тартты.

     Осындай ойламаған жағдайда қиындыққа тап болу бәрімізде болуы мүмкін. Сондықтан тауға серуенге барарда міндетті түрде топта  туризм нұсқаушысы болуы керектігін ескеру қажет.

 

№5 құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы С.Б.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы