Құтқарушылар судағы қауіапсіздікті ескертеді

Жаз мезгілінде адамдардың суға кетуі басты мәселе болған және болып қала береді. Құтқарушылар ескертеді: жүзу білу – судағы қауіпсіздіктің кепілі емес. Жағалаудан сәл ары қарай жүзіп кетіп, сол сәтте шаршап қалуыңыз ықтимал, толқын алып кетуі немесе суық судан аяғыңыз тартылуы абден мүмкін. Қауіпсіздік ережесін қатаң түрде орындау қажет: таныс емес аймақта сүңгуге, үрленген матрастармен алысқа жүзіп кетуге, мас күйінде суға түсуге, малтау білседе суда балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Зардап шегушіге бірінші көмек ретінде, демалмаса шұғыл түрде «ауызба ауыз» жасанды тыныс жасау қажет. Алдын ала ауыз жақтарын тазалауды ұмытпаңыз, содан кейін басын шалқайтып тұрып, мұрнын саусақпен жауып ауыз қуысына қарай ауа үрлеуді бастаңыз.

Адамның ауызынан су шыға бастағанда оның басын бір жағына қарай бұрыңыз.

Суда қауіпсіздік ережесін ұстану сізбен, сіздің жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Абай болыңыздар!

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы