Құтқару жилеті шынымен де құтқарды.

Бірлік селолық округіне қарасты  Жарсор көліне балық аулауға жан-жақтан көп адамдар келіп жатады. Олардың ішінде тиянақтылары да, қойған ауларын тастап жүре беретіндері де кездеседі. Осындай тастандары ауларды қатты жел тұрғанда,  көтерілген толқындар  жағаға шығарып тастайды. Оларды Қызылқұдық учаскесі тұрғындарының малдары жеп қойып,  өліп жатады. Сондықтан арасында малшылар осындай ауларды, балықшылардан қалған қоқыс пластик бөтелкелерді, пакеттерді жинақтап, өртеп жатады. Сол күні үрлемелі екі орындық резеңке қайыққа екі малшы отырып, үшіншісі жағада қалады. Көлдегі тастанды ауды шығармақшы болғанда, абайсызда салмақтың күшімен қайық аударылып, екі адам суға құлайды. Үрейленген ағайындылардың үстінде жилеті бары  қайықты орнына  аударып қояды. Ағасын қайыққа мінгізіп, өзі қайықты жағаға итеріп жеткізеді.  Жағада қалған үшінші ағасы суға батып кетер ма екен деп қорқып, машинаға мініп, Бірлік ауылына көмекке кетеді. Жолда кездескен танысына болған жағдайды айтып, ұялы телефонмен  Баянауыл аудандық төтенше бөліміне қоңырау шалуын сұрайды. Келген құтқарушыларға малшылар болған жағдайды айтып, «үстімде құтқару жилеті болмаса, екеуімізде суға батушы едік» деп әңгімеледі.

        Құрметті балық аулаушылар! Мамыр айының басында осы көлде бір жігіт қайтыс болып, іздеу жұмыстары сәтсіз болып, 19 күннен кейін ғана мәйіті табылды. Құтқару жилетінің ең қымбаты 5 мың тенге. Бұл сіздің өміріңізден әлдеқайда арзан! Бір рет сатып алсаңыз, талай жылға жетері анық. Өз өміріңізге қажетті затта үнемдемеңіз!

      Соңғы уақытта ауа райындағы тұрақсыздық қатты желдің жиі қайталануын туғызуда. Сондай ескерту хабарламаларға назар аударып, өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз!

 

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы    С.Б.Джанкулов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы