Танымдық кездесу

Жарияланған: 14.03.2018


14 наурыз күні аудандық өртке қарсы қызмет бөлімшесі мен  №5 құтқару бөлімшесінің  қызметкерлері  Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының оқушыларымен  танымдық кездесу өткізді.

Мақсатына сәйкес бұл кездесуде өрттің шығу себептері, онымен күресу және сөндіру жолдары, қандай арнайы құралдар мен техника қолданылады, отқа төзімді арнайы киімдердің атқаратын қызметі жайлы айтылды. Өрт сияқты төтенше жағдай туындай қалған жағдайда адамдар қандай іс-әрекеттер жасау керектігін №5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы  С.Б.Джанкулов түсіндірді.

Оқушылардың өрт сөндірушінің  арнайы киімнің жасалған материалы, салмағы, өлшемі; өрт сөндіргіш машинаға қанша су сияды т.с.с. сұрақтарына №28 өрт сөндіру бөлімшесінің бөлімше командирі, АҚ старшинасы Д.Ибраев,  АҚ кіші сержанты А.Үбді, өрт сөндіруші Б.Бейсембаев жауап беріп, іс жүзінде көрсетіп, таныстырды. Мектеп-интернаты алаңындағы импровизацияланған өртті өрт сөндірушілер арнайы техникамен сөндіріп, іс жүзінде танымдық кездесу өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы

С.Б.Джанкулов.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы