Сыйбайлас жемқорлық – әділетті қоғамның ауруы

Жарияланған уақыты: 17.09.2018


Сыбайлас жемқорлықтың жаралуына алғашқы билік қарым-қатынастары, яғни кез келген, тіпті жаңадан құрылып жатқан қоғам да жағдай жасайды деп айтуға болады. Осыған байланысты жемқорлықтың географиялық шекарасы жоқ, ол саяси құрылымға, капиталистік, социалистік, демократиялық немесе авторитарлық мемлекеттерге ортақ. Онымен өркениетті де, дамып келе жатқан мемлекеттер де күреседі.

Аузын майлау, көне дәуірлерде, елдерді тартып алу, билік немесе мемлекеттік құрылыс кезінде пайдаланылатын сыбайлас жемқорлықтың бір бөлігі ретінде кең әйгілі болған. Тарих пара беру арқылы қолға жетімсіз және аңызды қалаларды жойып жіберген көптеген жағдайларды біледі. Жемқорлық туралы алғашқы мәліметтер «шумер» дәуірінде болған, ал жемқорлыққа қатысты трактаттар біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғасырда болған сынды, яғни жемқорлық бәрі кезде өзекті меселенің бірі болған.

Біздің мемлекеттіміз - Қазақстан Республикасын да жемқорлық айналып өткен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған заң, жемқорлыққа және парақорлықты тудыратын жағдайларға қарсы туралы заңнамаларымен мемлекеттік бағдарламалар осының дәлелі болады.

Қазақстанда үкімет кез келген мемлекеттік органның, әр билік өкілінің қызметін айқын қылдыратын процедураларды қабылдап, заманауи технологиялық құралдардын пайдалануын кең енгізіп, әр азамат өзінің қорғаулы екенін сезіну үшін барлық іс-әрекеттерді жасауда.

Өз кезінде кез-келген азамат өзінде жемқорлық, парақорлық фактілерін теріс қабылдау сезімін тәрбиелеу қажет. Қоғамдық қатынастардағы бұл құбылыс тек мемлекеттік кірісін азайтып, әлеуметтік теңсіздікті арттырып, ұйымдасқан қылмыстықты күшейтіп, қоғамдық мораль нормасын төмендетіп қана қоймай, адамның ертенгі күнге деген үмітін үзеді.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы