Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Жарияланған уақыты: 29.10.2019


Қазіргі кездің жағдайында сыбайлас жемқорлықтың проблемасы әлемдік көлемдегі проблемаға айналды, өйткені ол барлық елдерге тән құбылыс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету ел дамуының қазіргі кезеңдегі жалпы мемлекеттік міндеті болып табылады. Оның көріністері азаматтардың конституциялық құқықтарына және мүдделеріне нұқсан келтіреді, заңдылық принциптерін, мемлекеттік басқару институттарына сенімділікті әлсіретеді.

Сыбайлас жемқорлық барлық қоғамның барлық салаларына аздыратын ықпал етеді: экономикаға, әлеуметтік ортаға, саясатқа, ал осы құбылыспен туатын келеңсіз салдар қоғамның озық, қарқынды дамуына ғана кедергі болмай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне шынайы қауіпті де келтіреді.

Баянауыл ауданың ТЖБ-де үнемі мемлекеттік қызметшілер туралы, құқық қорғау қызметі туралы, әскери қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңңамалардың, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын,Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін сақталуына бағытталған жоспарлы және қосымша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы