Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Жарияланған: 14.03.2018


Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен бүкіл қоғамға үлкен залал келтіретін өте күрделі әрі көп қырлы құбылыс болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті проблемасына айналып, әлеуметтік құбылыс ретінде азаматтық қорғау органдарында да көрініс табуда. Ол ең бірінші кезекте азаматтық қорғау органының имиджіне теріс әсер етіп, халықтың сеніміне нұқсан келтіреді, сонымен қатар мемлекеттің азаматтық қорғауы мен ұлттық қауіпсіздігіне зиян тигізеді.

Азаматтық қорғау органдарында жемқорлықты түп-тамырымен жою мақсатында жемқорлық көріністерді жою бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар қабылданды. Өз кезегінде Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша үгіт жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Басшы құраммен күнделікті жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын профилактикалық жұмыстар атқарылады. Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында БАҚ-да, Web-сайтта жарияланған ақпараттық материалдар – 2,  жемқорлық профилактикасы бойынша семинар мен дәрістер – 3, құқықтық жаппай оқыту бойынша жиын мен кеңестер – 3 жүргізілді.

Ең жоғарғы көрсеткіштерге ие болу үшін әкімшілік тосқауылдарды азайту, тексерістер санын қысқартып, кәсіпкерлік қызмет бастамаларының жүзеге асуына қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы мемлекеттік тіркеуден өткеніне үш жыл толмаған және төменгі тәуекел дәрежесіне жататын кіші кәсіпкерлік субъектілері тексерістерден босатылды. Қолданыстағы заңнамаларға өзгерістердің енгізілуіне байланысты өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қолданысқа беруді қабылдау алынып тасталды, сонымен бірге 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап бөлім қызметкерлері жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларына қатыспайтын болды.

Аталған іс-шаралар жемқорлық көріністерінің орын алу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары жұмысының ашық болуына, мемлекеттік билік органдарына халықтың сенімін арттыруға, азаматтық қорғау органдарының имиджін жоғарылатуға бағытталған.

 

 

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы