Судағы сақтық ережелерін ұмытпайық!

Әр жыл мезгілінің өз қауіптері болады. Қыста қалың түскен қар, аяз бен боран болса, жазда – шомылу маусымы. Қандай қауіп болса да, барлығы өзімізге байланысты екенін естен шығармау керек! Біздің ауданымызда сауықтыру лагерьлері жеткілікті.

Көл жағалауында орналасқан  балалардың демалыс орындары міндетті түрде олардың денсаулығына, әсіресе өміріне қауіп төндірмейтіндей ұйымдастырылуы тиіс.

Сондықтан сауықтыру лагерьлерінің ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне үлкен жауапкершілік  жүктеледі. Балалар алаңсыз демалуы үшін ең қарапайым қауіпсіздік шараларын естен шығармаған жөн.Оларға су қоймаларындағы өзін ұстау тәртібі жіті түсіндірілуі тиіс.

Сонымен қатар суға түсетін арнайы орынның түбі таза, тегіс жерден таңдалып, олар арнайы тормен немесе қалқыма белгісі бар жіппен арғы жағына жүзуге болмайтындай етіп қоршалуы міндет. Шомылуға барарда әрбір балада жүзуге арналған үрлемелі шеңберлердің, ал тәлімгерлер мен жаттықтырушыларда құтқару шеңбері мен арқанның болуын естен шығармау керек.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, №28 өртке қарсы бөлімшенің, ішкі істер бөлімінің, ұлттық табиғи парк және жедел құтқару жасағының қызметкерлері демалушылар арасында  үнемі қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөніндегі жадынамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мұндай алдын алу шаралары шомылу маусымы аяқталғанша жүргізіледі.

 

Жедел құтқару жасағының

аға құтқарушысы  С.Б.Джанкулов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы