Су тасқынының алдын алу жұмыстары

Жарияланған: 13.02.2017


Биылғы қыс мезгілі ерте басталғанымен қоймай, жауын-шашын жылдағы мөлшерінен өте көп түскені бәрімізге мәлім. Қардың мол болуы топырақтағы ылғалға, малдық азықтық шөбіне жақсы болғанымен көктемдегі ауа-райының жылуына байланысты үлкен қауіп төндіретіні де мәлім. Күрт күн жылуына байланысты қыста түскен қалың қар қысқа уақыт ішінде еріп, булануға және топыраққа сіңуге үлгермей жатады. Мал шаруашылығымен айналысатын ауылды елді мекендерге тіпті қиын болары анық.

Сондықтан жедел құтқару отрядының №5 бөлімшесінің құтқарушылары №28 өрт сөндіру бөлімінің және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Ұзынбұлақ, Ақши, Сәтбаев, Егіндібұлақ, Теңдік, Құндыкөл селолық округтардағы  әр үйді аралап, тұрғындармен және мектеп оқушыларымен кездесті. 

Су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайлар, атап айтқанда өрттің шығуы, үйлер мен қораларды су басуы бола қалған жағдайда өздерін қалай ұстау керек екендігін ауызша ескертіп, тыңдаушылардың қолына ескерту парақшаларын таратты. Осы жұмыс барысында ескерту жұмыстарымен 967 /тоғыз жүз алпыс жеті/ адам қамтылды.

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы    С.Б.Джанкулов.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы