Су тасқыны

Жарияланған: 14.03.2018


Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі көктемгі су тасқыны болған жағдайдағы қауіпсіздік ережелерін назарларыңызға ұсынады.

Тасқын су- көктемде қар еруінен су деңгейінің көтерілуі (су ұзақ уақыт бойы көтеріледі). Жыл сайын өзендерде өзен салалаларын мұз басуы салдарынан су басу жүреді.

Сел, тасқын- қысқы жылымық немесе нөсер салдарынан су шамалы көтеріледі. Өзендерде су қоймасынан немесе теңізден су айдау себебінен су деңгейінің көтерілуі күрделірек. Одан да күрделісі бөгендердің қирауынан немесе құлауы салдарынан тасқын жүруі болып табылады.

Көпшілік тасқындар алдын ала болжалып шығын көлемі азайтылып жатады. Бөгеттер мен тоспалардың, түрлі арнайы құралдардың жағдайын тексеретін тасқынға қарсы комиссия құрылады, халықты қулақдар етіп қажет болған жағдайда инженерлік жұмыстарды бастайды.

Тасқын болжанған жағдайда не істеу керек?

Әдетте ол су басу аймағы мен болжамды уақыттан, сонымен қатар, халыққа арналған нұсқаулық немесе эвакуация тәртібінен тұрады.

Егер сіздің үйіңіз хабарланған су басу аймағында болса: газ, су және электр желісін сөндіру; пештегі отты сөндіру; бағалы заттарды жоғарғы қабаттарға және шатырға шығару; терезелер мен есіктерді жабу, қажет болған жағдайда, бірінші қабат терезелері мен есіктерін тақтайшалармен немесе фанерлермен бекіту керек.

Егер эвакуация туралы ескерту алынса: жылы ынғайлы киім, етік, көрпе ақша және құнды заттарды дайындау; үш күндік тамақ қорын жинау; алғашқы көмек дәрі қабдашасы және әдетте пайдаланатын дәрі дәрмектерді дайындау; паспорт пен өзге құжаттарды су өткізбейтін пакетке орау; дәреттік керек- жарақтар және көрпе- жастық алу керек.

Егер кенеттен су деңгеиі көтерілсе: қаіпсіз биік жер табу; өзендік эвакуация жағдайында өзін- өзі құтқару жағдайында қажет болатын заттарды дайындау; көмек келгенше немесе су қайтқанға дейін жоғарғы қабаттарда және шатырда, ағашта немесе басқадай биік жерде қалу керек.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы