Су айдыны қыста да қауіпті!

Жарияланған: 31.01.2018


Қазір қыстың нағыз қызған кезі, өзендер мен көлдердің суы қалың мұзға айналып, қалың қармен жамылды. Мұның көп қаупі бар, өйткені мұз өзінің және қардың салмағынан төмен басылып, жарылады. Осы жарықтардан су кіріп, мұз шайылып жұқарады.

Бірақ балалар осындай қауіптен сезіктенбей, мұз үстінде шығып, бейқам хоккей ойнайды, тік жарлардан шанамен сырғанайды. Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ата-аналардан балаларын байқаусыз қалдырмауын сұрайды.

Үлкендер де кейде өздерінің автомобильдерімен балық аулауға мұзға шығады немесе автомобильдерімен мұз үстінде жарысып, ұшқалақтық іс-әрекет жасайды. Өміріміз осындай көңіл көтеретін ойындарға тұрмайтынын есте сақтаңыздар. Мұз үстіндегі ойындар өте қауіпті!

Егер де Сіз біреудің апатқа ұшырағанын көрсеңіз, 112 телефон арқылы құтқару қызметін шақыртып, зардап шеккенге көмек көрсетіңіз. Көмек көрсете отырып, келесі ережелерді сақтаңыз:

- мұз сынған жерге еңбектеп жақындаңыз, өйткені өзіңіз мұз астына түсіп кетуіңіз мүмкін;

- құтқарған уақытта жақын жерде жатқан тақтайша, бұтақша, шаңғы, шана немесе басқа затты пайдалану керек. Осы заттардың біреуін алдыңызға салып, еңбектеп барып, мұз сынған жерге 3-4 метрге дейін жетпей, зардап шеккен адамға созыңыз. Содан кейін оны судан тартып, жағаға немесе берік мұздың үстіне шығарыңыз;

- мұз астына түсіп кетсеңіз, дереу көмекке шақырыңыз. Көмек келгенше дейін тыныштық сақтаңыз, абыржып, суда көп іс-әрекет жасамаңыз. Кеудеңізбен мұз шетіне сүйеніп, жағаға қарай немесе қауіпсіз жерге қарай жылжып көріңіз. Құтқарылған адамды тез арада жылытып, оған алғашқы медициналық көмек көрсету керек.

Мұздың үстіне шығу өте қауіпті екенін есте сақтаңыз!

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы