Введите ваш запрос для начала поиска.

Шөп шабу орындарындағы рейд

Жарияланған уақыты: 17.08.2018


Қазiргi уақытта ауданымызда шөп науқаны жүрiп жатыр. Қара мал, қой, ешкi ұстайтын ауыл тұрғындары келе жатқан қысқа жем — шөп дайындайды. Бiрақ адамдар шөп шабуда өрт-қауiпсiздiк ережесiн еске сақтап жатыр ма? Өрт сөндiру қауiпсiздiгiн сақтамаған жағдайда шөп науқанында барлық iстеген еңбек босқа кетуi мүмкiн. Тез өртенетiн шөп өнiмдерiн барлық күшпен сақтау керек.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпті маусым кезінде аудан көлемінде орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында Ақсан, Торайғыр ауылдық округтердің мал азығын дайындауға шөп шабу маусымына дайындалып жатырған шаруа қожалықтарына рейд өткізді.

Іс-шараны өткізу барысында ірі мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі жадынамалар берілді.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң объектiлерiнде жем-шөп дайындау кезiнде өрт жағдайын шығармау үшiн келесi өрт қауiпсiздiк iс-шаралар өткiзу керек:

Ауыл шарауашылық жетекшiлерi өртке — қарсы қауiпсiздiкке жауапты тұлғаларды дайындау керек, астық жинау көлiк көлiктерiне агрегаттарға жауапты механизаторлар арасында өртке қарсы нұсқауларды ұйымдастыру, iрi астық жем-шөп жинау кезiнде механизаторлардың өртке қарсы ережелердi сақтауы керек.

Тракторшiлер, комбайыншiлер, және олардың көмекшiлерi мiндеттердi жауапты тұлғалар, ерекше бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқаулықтан өттулерi керек.

Барлық астық жинауға қатысқан адамдар өрт қауiпсiздiк ережелермен танысуы керек.

Шөп науқанына шықпас бұрын шөп жинайтын көлiктердi тракторларды жүк тасымалдайтын машиналарды өрт сөндiргiшпен жарамды көлiктердi от сөндiргiшпен жабдықтау, iрi астықтарды таситын көлiктердi заводтан шығарылған тұншықтырумен қамтамасыз ету.

Астық жинайтын агрегаттар iрi астықты тасу үшiн шараушылық техникаларды алғашқы өрт сөндiрушi құралдармен жабдықталсын (2 өрт сөндiрушi, 2 сыпырғыш, 2 күрек , 40 литр шамасында су ыдысы, киiз, брезент мөлшерi 1,5х1,5 метр). Шөп қоралары электр жүйесiнен 30 метр шақырымда жол ғимараттарынан 100 метр шақырамдай орналастырылуы керек, және шөптен тазартылған аланда маялардың арасы 50 метр болу керек.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері дәріс барысында жүргізушілерге жем тасымалдау кезіндегі алғашқы өрт сөндіру құралдарына тиісті нормаларын түсіндірді.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы