Шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелері

Жарияланған уақыты: 15.10.2018


Шөп науқаны уақыты аяқталуда. Жиналған шөптің әр центнерін қалай сақталуы туралы, ойланатын кез келді. Осыған байланысты Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Баянауыл ауданының  тұрғындарына және шаруа қожалық басшыларына келесі iс-шаралар өткiзу керектігін ұсынады:

- шөп жинайтын және тасымалдайтын көлiктерде жарамды тұншықтыр орнатылып және өрт сөндiргiшпен жабдықталу керек;

- өндірістік-шаруашылық кешеннің аумағындағы ірі жемшөп қоймалары арнайы бөлінген алаңда орналастырады. Кебендерді(маяларды),сондай-ақ кебен(мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдардың периметрімен ені кемінде 4 метр жолақ жыртылады. Жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге(маяға)дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр етіп орындалады;

- шөп жинау орны электр беру желілеріне дейінгі кемінде 15 метр, жолдарға дейін кемінде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстраға дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады;

- қора төбелеріне шөптің жиналып сақтауына жол берілмейді.

- Азаматтар , өз мүліктеріңізді өрттен сақтаңыздар!!!

 

Баянауыл ауданының ТЖБ

бас маманы азаматтық

қорғау подполковнигі                          Д.Токатов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы