Введите ваш запрос для начала поиска.

Сақтансаң, сақтайды!

Жарияланған уақыты: 03.07.2018


Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Дидар Нығмет, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, аудан әкімі аппаратының бас маманы Мерей Әбенова, Баянауыл ауданының төтенше жағдай бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Данияр Тоқатов қатысып, жазғы лагерьдегі балалармен жиын өткізді.

Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу, судағы және жолдағы қауіпсіздік пен бейтаныс адамдардан сақ болып, олармен сөйлеспеу бойынша құлаққағыс етілді. Осындай тақырыптар бойынша балаларды қауіпсіздіктен қорғап, алдын алу шараларына байланысты акциялық жиын ұйымдастырды.

Ойын балаларының қызығушылығы тым жоғары болғандықтан, көп нәрсенің байыбына келмей байқап көруге құштарлықтары артып тұрады. Тіпті қазіргі күні ток көзіне қосылып тұрған қарапайым телефон қуаттандырғыштың өзі бала өміріне қауіп төңдірмек. Мектептердегі қауіпсіздікті жіті бақылауда ұстау арқылы көптеген қылмыстардың да алдын алуға болады. Осы мәселелер бойынша сөз қозғалған жиында балалар көпті көкейге түйді. Жиын соңында сақтық шаралары жазылған жадынама қағаздар таратылды.

 

Мұсабек СЕЙСЕНБЕКҰЛЫ.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы