Өрт кезіндегі негізгі іс-әрекеттер

Жарияланған уақыты: 29.10.2018


Ең бастысы – үрей тудырмау. Қауіп-қатерді болдырмауы оңайырақ, егер сабырлықпен және ақылмен әрекет етсең. Үрей – ол әрқашан ақыл-естілік амалын тауып шығу қабілеттілігінен айырылу. Өрт шығуын дереу өрт қызметіне «101» телефонымен хабарлаңыз. Өрт сөндірушілерді шақырғанда, өрт шыққан мекен-жайын, көше, үй нөмірін, қай қабатта болғанын нақты хабарлау керек. Пәтер, шатыр асты, жер төлесі, дәліз, қойма, ферма немесе басқа жер жанғанын ұғымды түсіндіру қажет. Өз телефон нөміріңізді айтып, кім қоңырау шалғанын айтыңыз. Егер жану ошағы үлкен болмаса, анық және сенімді әрекетпен өртті сөндіруге болады. Есте сақтаңыз: үйде өртті сөндіруге мүмкіндік беретін құралдар табуға болады, ол - көрпе, қалың мата, үйде өсірілетін гүлдің топырағы, сыйымдылықтағы су.

Бұл ретте: терезелерді және есіктерді ашуға тиым салынады, себебі таза ауа енуі өрттің ары қарай өршуін тудырады. Өрт пайда болған бөлмеде өтпе жел және ауаның енуіне неғұрлым жол бермеу керек, өйткені өрт қатты тарауы мүмкін. Сол себепті, терезенің әйнегін шағып, немесе есік терезені ашуды шектеу керек. Электржелісіне қосылған электр құралдарын сумен сөндіру тиым салынады. Ең бастысы жанған электр құралды электржелісінен ажыратыңыз, айырды ағытып тастап, сумен құю керек. Егер бұл теледидар болса, экранның жанынан тұрып, оның артқы жағына су құю керек, айтпесе қызып тұрған кинескоп жарылуы және Сізді жарақаттауы мүмкін. Жақын маңда су таппасаңыз, теледидарды калың көрпемен жауып немесе құм топырақ себуге болады.

Өрт қаупі бар көлемге жетіп, Сіз өз күшіңізбен өртті жеңе алмасаңыз, адамдар үй-жайлардан үреусіз шығуына көмектесіп, дереу үй-жайды қалдыру керек. Өртену аймағынан балаларды, қарттарды және ауру адамдарды тез шығарып бастаңыз. Үй-жайда мүмкіндігінше электр және газды өшіру қажет. Бірінші кезекте адамдарды өмірге қаупі бар үй-жайлардан және ғимараттың үстінгі қабаттарынан шығару қажет.

Көп қабатты үйде баспалдақ түтінделген жағдайда – түнін кетіру және таза ауа ену үшін, баспалдақ алаңшасында бар терезелерді ашып немесе терезе әйнектерін шағып, баспалдаққа түтін шығып жатқан бөлменің есігін қымтап жабу қажет. Егер баспалдақ жолын от кесіп немесе қатты түтінделген болса, түтін шығып жатқан бөлменің есігін суланған матамен немесе суға малынған шүберектермен қымтап жауып, терезе немесе балконнан өтіп бара жатқандардың назарын аударуға тырысыңыз. Немесе пәтерде қалып, өрт сөндірушілердің күткеніңіз жөн. Түтінделген баспалдақ немесе дәліз арқылы шықпаңыз (түтін өте улы), жанғыш газдар өкпені күйдіруі мүмкін. Құтқаруды балконнан, сыртқы, стационарды және сүйеп қоятын сатылар арқылы істеңіз. Көп қабатты үйлердегі терезелерден секіруге тиым салынады, өйткені жарақат алу қауіпі бар.

Тұрғын секторында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, жалғыз Сіздің ғана өміріңізді емес, жақындарыңыздың және көршілеріңіздің өмірін қауіпке төндіреді.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы