Өрт болған жағдайда халықтың әрекеті

Жарияланған уақыты: 30.03.2018


Талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттің басым бөлігі тұрғын-үй секторында болады.Тұрғын-үй секторларында оқиғаның 70% халықтың отпен абайсыз қолдануы, олардың салғырттығы, қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, назарларына алмау болып табылады. Пешті жағуда, тұрмыстық газ және электр құралдарын алдын алмау салдарынан туындаған өрттер де аз емес.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің әкімшілік жұмыстарына және әрекеттеріне қарамастан, өртте адамдардың қаза болуы және зардап шегулерін тоқтатуға бағытталған – ол тұрғын-үй секторларында дәрістер өткізу, қала тұрғындарына жадынамалар тарату және т.б. сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен мекемелер басшылары өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаннан тек қана өздеріне ғана емес, жақындарына, қарамағындығы жұмыскерлерге, және жалпы халыққа қауіп төндіреді.

Осыған байланысты біз өрт болған жағдайда не істеу керек екенін және қандай тәсілдерді қолдану керектігін айтып береміз.

Ең бастысы жану болған кезде түтіні немесе иісі болса, дабыл көтеріп, жедел өрт сөндіру күзеті телефонына «101» немесе «112» хабарласыңыз.

Сонымен қатар өрт сөндіру күзетінің диспетчеріне хабарласуды ұмытпаңыз:

- Нысанның нақты мекен-жайы;

- Нысанның аты

- Өрт туындаған немесе болып жатқан жер;

- Адам өміріне қауіп туатын мүмкіндіктер, сонымен қатар диспетчерге қажетті басқа да ақпараттар;

- Өзін таныстыру және хабарласып жатқан телефон нөмөрін айту.

Кейін қолдағы бар күштер мен құрал-жабдықтарды пайдаланып, адамдар мен бағалы заттарды шығаруды ұйымдастыру.

Өрт болып жатқан ғимаратқа өрт сөндірушілерге қысқа жолды көрсету. Өрт сөндірушілерге өрт болып жатқан адамдардың орналасқан қауіпті орталықты көрсетіп, өртті алдын алу және жоюда шаралар қолдану. Технологгиялық және ғимрататтың құрылысы жайлы (тоқтың қауіпі жайлы, жанатын сұйықтардың газ баллондардың көлемін,және т.б.) ақпарат беру.

Талапқа сәйкес өрт сөндірушілер аздан бастайды. Жану басталып жатқан жерді сөндіру қиын емес. Бастысы алғашқы құралдарды дұрыс пайдалану: суы бар шелектер, құм, көрпешелер, ішкі өрт сөндіру краны, өрт сөндіру құралдары.

Ең бастысы – міндеттерді белгілеу: кімге нені істеу керек екені жайлы. Әуелі әрине ол адамдарды құтқару. Егер ғимаратта балалар қалса, оларды бұрыштардан, қоймалардан, кереует астынан, байқаусыз орындардан іздеу керек.

Қажетті жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекті шақыру. Өрт қауіпсіздігін, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.

 

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы