Өрт қауіпсіздігін «кейінге» қалдырмаңыз

Жарияланған уақыты: 30.03.2018


Үй болсын пәтер болсын – бұл біздің әрқайсымыз өзін толық қауіпсіздікте сезінгіміз келетін орын. Алайда тұрғындардың өздері қарапайым ережелерді қаперіне алмастан өздерінің тұратын жерлерін жалмаңдаған от алдында әлсіз етеді, осылайша өзінің ғана емес жақындары мен көршілерінің өмірін қатерге тігеді. Көп үйлерде ең бірінші көзге түсетіні – тез өртенетін бұл тұрмыстық қалдықтарды бейберекет жинауы, бұл өз кезегінде пәтер мен үйден жылдам шығу қажет болса біршама кедергі келдіреді. Өрт кезінде болатын ащы және қара түтін ғимараттан шығуға біраз тосқауыл болса, ал жолдағы осындай кедергілер арқасында мүлдем шыға алмай қалуың мүмкін. Пештер мен электр құралдарын пайдаланудағы бұзушылықтары көп, оған қоса үй иелері де үйде, тіпті кей кезде мас күйінде темекі шегіп жағдайды ушықтырып жібереді.

Үйлерді аралау кезінде өрт қауіпсіздігі туралы техникалық білімдер таратылады, өрт сөндірушілер мен инспекторлар азаматтандың санасын жоғарылатады. Оған қоса өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігі туралы жадынама әкеліп, нұсқаулық жүргізуі үшін есікті ашу қажет. Сіздің бөлген бірнеше минутыңыз үйіңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беруі ықтимал.

Ең бастысы қапы қалмау керек, себебі «кейін» дегеніміз сан соқтыруы мүмкін:

Мамандар өз кезегінде азаматтарға мына ережелерді естеріне салады:

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, от жаққан кезде мыналарға ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ:
- пештің есігін ашық қалдыруға;
- отынды жағу үшін жеңіл тұтанатын заттарды қолдану (керосин, жанармай және т.б.);
- сызаттар мен тесіктері бар пешті пайдалануға;
- пешті жанбайтын материалдан жасалған пеш алдындағы бетсіз пайдалану (қажетті мөлшері 0,5х0,7 м);
- пеш жанында түрлі жанғыш материалдар жинап, пеш үстіне заттар кептіру;
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;
- пешты балалардың жағып, олардың қарауына қалдырмау;
- сөнбеген күлді үй жанына тастау;

Улы газбен уланып қалмас үшін мұқият болып және пештегі көмір толығымен жанып кеткенше құбырды жаппау қажет.

Құрметі азаматтар, егер де сіздер пешты қолдансаңыз пеш пен мұржаны үнемі тексеріп отырыңыздар! Бұл үйдегі пешпен қоса моншада, шаруашылық құрылылыстарындағы пештерге де қатысты. Жарамсыз болғандығын анықтап, кейінге қалдырмай жөндеу керек. Пешті жөндеген кезде кәсіби пешші-мамандарға қаратыңыздар! Өздеріңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз, үйіңіздегі пеш тек жылулық пен қуаныш сыйласын!

Өрт туындаған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз!

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы