Өрт қауіпсіздігі

Жарияланған: 23.08.2016


Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:

  • Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
  • Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
  • Электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
  • Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
  • Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
  • Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
  • Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электржылытқыш құралдарын қолданбаңыз;
  • Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.

Есіңізде сақтаңыз!

 

Баянауыл төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау капитаны И.Рахманов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы