Өрт қауіпсіздігі басты назарда

Жарияланған уақыты: 06.02.2019


Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Соңғы уақытта өрттің салдарынан адамдардың қайтыс болу фактілері жиіліп кетті. Осыған орай Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі , Баянауыл ауданының жергілікті полиция инспекторымен бірге өрт қауіпсіздік профилактика  барысында  автотұрақтарға, от жағу қазандықтарына рейд жүргізілді. Рейд барысында жұмысшыларға нұсқаулар жүргізіп, өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратқан болатын.

Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жылыту пешін пайдалану кезіндегі негізгі ережелерін ескеріп отыр:

- Пештің  негізгі ақаулықтарын кезінде жөндеуді ұмытпаңыз. Адамдардың пеш алдында киім кептірудің, жылыту пеші алдында жиһаз қоюдың салдарынан өрттің пайда болуы ықтимал. Көбінесе ол фактілер қыста, жылыту пешін жиі пайдалану кезінде болады.  Қатты аяз күндері пешті күненіне бірнеше рет жағу жөн болар.  Өрттің шығып кетпес үшін жылыту пешін қараусыз қалдыруға болмайды.

 

Р. Толегенов

Баянауыл ауданының ТЖБ

аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы