Өрт қауіпсіздігі авто көлікте.

Жарияланған уақыты: 11.04.2019


Автокөліктегі өрттенудің негізгі себептері: электр сымдарының қысқа тұйықталуы, автокөлік салонында шылым шегу кезінде абайсыз болу, бензин, майдын ағуы және қозғалтқыштын қызып тұрған бетіне тиюі, қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты пайдалану, электр газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде отпен абайсыз болу.

Айлық барысында жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп 89  автокөлік иелеріне жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі автокөлік иелеріне өрт туындауына жол бермеу үшін төмендегі өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.

- автокөліктің тораптары мен механизімдерін жарамды жағдайда ұстау;

- аккумуляторды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда зарядкалауға тиым салынады;

- гараж жайларын жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары), сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштар пайдаланбаңыздар;

- гараж жайларында жанатын материалдардан жасалған үй жиhаздары мен бұймдарын және жанатын сұйықтар мен тех тұтанатын сұйықтықтарды сақтаманыздар;

- гараж жайларында және автокөлікте темекі тартуға тиым салынады;

- өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізушіге тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, акумулятор батарясын ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, 101, 112 телефондары арқылы болған жағдай туралы хабарлау қажет.

Сіз, қарапайым өрт қаупсіздік ережелерін сақтай отырып, үлкен шығындарға және адам өліміне жол беремейтінізді ескертеміз.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы