Өрт қатерін төмендету –басты міндеті!

Жарияланған: 15.11.2017


Жылыту кезеңінің алғашқы айларынан бастап, Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы жеке тұрғын үй секторындағы үгіт-профилактикалық жұмыстарды белсендірді. Тәжірибе көрсеткендей, өрттер саны жылыту кезеңінің алғашқы айларында көбейе түседі, және осы кезде пайдалануға дұрыс әзірленбеген жылыту пештері өз зияндарын көрсетеді. «Өрт қауіпсіздігі айлығына» өз пештерін дайындау бойынша ескертулерді елемеген азаматтар ең соңында өрттер мен улы газбен улану жағдайларына ұшырап жатады.

Жоғарыда аталған төтенше жағдайлардың жолын кесу үшін, Бөлім қызметкерлері күн сайын жеке тұрғын үй секторын аралайды. Аула аралау жұмыстары кезінде басты назар тұрмысы төмен, көп балалы жанұяларға аударылады. Әрбір азаматқа өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндіріліп, үй иелерінің рұқсатымен пештік құрылғыны тексеріп қарайды. Егерде тексеру барысында өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, үй бақылауға алынатын болады. Бақылауда тұрған үйлер қайта тексеріліп, барлық кемшіліктер жойылғанша жұмыс жалғасатын болады. Азаматтарға улы газбен уланудың барлық жағдайлары мен қайғылы салдары жеткізіліп, аудан аумағында орын алған өрттер статистикасы аталды. Қызметкерлер үй иелеріне ақаулы жылыту пештерінде сақталатын қауіп-қатерлер туралы жеткізуге тырысты.

Аталған жұмысқа Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері де өз үлестерін қосуда, олар әр сенбі сайын жеке тұрғын үй секторында аула аралайды.

Осы бағыттағы жұмыстар 2017-2018 жылдардағы жылыту кезеңінің соңына дейін жалғасатын болады.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы