Құрметті тұрғындар!

Жарияланған: 29.09.2016


Қысқы от жағатын кезеңде   пештердің өрт қауіпінің арта түсетіні белгілі. Пештердің және басқа да жылыту құралдары ақауының салдары орны толмас өкінішке айналып  жатады.

Осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін,

Төмендегілерді  орындаған жөн:

Пешті және басқа да жылыту аспаптары мен  жүйелері жағатын мерзім алдында жөнделіп және тексерілуі қажет;

Түтін шығатын мұржалары мен пештерді от жағардан бұрын және от жағу мерзімі аяқталғанға дейін үш айда бір рет  тазалап отыру қажет;

Шатырдағы  түтін өтетін арналар мен барлық түтін мұржаларының қабырғалары әктеуі қажет;

Пештің от жағар қақпағының түбінлегі еденге өлшемі 50х70 см болатын  металл қаңылтыр  орнату керек;

Түтін өтетін арналар мен мұржалардың қабырғаларының сылақтары бұзылған жағдайда тез арада қалпына келтіру шаралары қарастырылуы керек;

Қатты отынмен жанатын пештердің түтін шығатын мұржаларын  ұшқын сөндіретін құралдармен жабдықтау қажет.

Тыйым  салынады:

Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларды  пешті қарауға сеніп тапсыруға;

Отынды, басқа да жанғыш заттарды және материалдарды  пештің алдында қалдыруға;

Пешті жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және  басқа да  тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтырды қолдануға;

Пештерге арналмаған отынның мына түрлерімен: көмірмен, кокспен және  газбен жағуға; Пешті қатты  қыздырып жағуға.

Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада «101», «112» хабарлап, өртті сөндіруге және адамдар мен бағалы заттарды қауіпсіз жерге көшіруге шаралар қолдану қажет.

ЕСТЕ  САҚТАҢЫЗДАР!

Өрттен қорғанудың ең сенімді тәсілі - өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы