Құрметті автокөлік егелері!

Жарияланған: 22.09.2016


 Көліктердің жүру жиілігі мен жылдамдықтарының өсуі  жол-көлік оқиғаларының  орын алуына, адам өлімі мен материалдық шығын артуына әкеліп соғады. Автокөліктердің пайдалану тиімділігін арттыру, оның қауіпсіздік  жағдайын қамтамасыз етуге тікелей  байланысты. Автокөліктерді пайдаланудағы қауіпсіздікті арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі, оның өртке  қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

 Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан автокөліктердің өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында оларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет.   

         Көліктерді апаттардан және өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңыз жөн:

  • Автокөліктердің  механизмдері мен тораптарының  дұрыс істеуін қадағалаңыз.
  • Аккумляторларды тура көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға тыйым салынады.
  • Гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары)   сонымен қатар  қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар.
  • Гараж бөлмесінде жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар.
  • Гараж бөлмесінде темекі шекпеңіздер.
  • Өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізуші тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумулятор батареясын ажыратып жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, телефон арқылы  «101», «112» - хабарлап сол арада өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге шаралар қолданыңыз.

 Автокөліктерде болған өрттерді талдау нәтижесінде, өрттердің шығуының басты  себебі,   автомобилдердің электр тізбектеріндегі  қысқа тұйықталулар салдарынан  болғандығы анықталды. Егер де автокөліктердің тетіктерінің ақаулары байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу  керек. Көліктерде   электр тізбектерінде зауыттық үлгідегі  қорғағыш қондырғысын пайдаланыңыздар.  

 

Есте  сақтаңыздар!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау- әркімнің міндеті мен борышы. 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы