Құрметті ауылшаруашылық еңбеккерлері!

Жарияланған: 28.09.2016


Нан- халық  байлығы.

Сондықтан егін науқаны кезінде тек қана егінді жинау ғана емес оны егіннің қауіпті  жауы өрттен қорғау мен сақтау да аса  маңызды мәселе.

Осындай өрттерге жол бермеу мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтағандарыңыз жөн:

  • Масақты астық алқабының пісуі алдында оның орманды алқаптарына, далалық жолақтарда, автокөлік және темір жолдарға жалғасқан жерлерінде ені кемінде 4 м. болатын жер жырту жұмыстарын жүргізіңіз;
  • Ауылшаруашылық техникаларының механизмдері мен     тораптарының  дұрыс істеуін қадағалаңыз;
  • Ауылшаруашылық техникаларын ұшқын тұтқышпен жабдықтаңыз;
  • Автотехникаларға жанар-жағар май құюды тек қана арнайы белгіленген  алаңдарда өткізіңіз;
  • Егін алқаптарында темекі шекпеңіздер;
  • Егін алқаптарында от жағуға және егін қалдықтарын жағуға жол бермеңіздер;
  • Шөптер мен сабан жиылған орындар аумағында  қауіпсіздік шараларының  қатаң сақталуын қадағалаңыз;
  • Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;
  • Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада дабыл көтеріп, телефон арқылы “101” –ге хабарлаңыздар;

Есте  сақтаңыздар!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау- әркімнің міндеті мен борышы.

 

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі  

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы