Республика аумағында өрт қауіпті кезең басталады

Жарияланған уақыты: 02.05.2019


Республика аумағында температураның көтерілуімен орман-дала алқаптарының аумағында өрт қауіпті кезең басталады.

Осы уақытта құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты, ауылдық елді мекендерде, орман учаскелерінде және ауыл шаруашылығы алқаптарында өрт саны күрт өседі.

Өрттің басым бөлігі бақыланбайтын ауыл шаруашылығы өрттерінің салдарынан, ормандар отты абайсыз пайдалану салдарынан да жанады. Бұл бау-бақша учаскелерін жинаумен (қоқыс пен шөптерді өртеу) және халықтың табиғатқа жаппай шығуымен (от жағу, темекі шегу және т.б.) байланысты.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен шаруа қожалықтары бойынша рейдтер жүргізіледі, нұсқамалар өткізіледі, өрт сөндіргіштердің бар-жоғы тексеріледі, ұсынымдармен арнайы жадынамалар таратылады.

Төтенше жағдайлар, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы қызметкерлері арасынан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушыларды анықтау үшін орман алқаптарын патрульдеу үшін ұтқыр топтар құрылды.

Сіздің назарыңызды ауыл шаруашылығы алқаптарында рұқсатсыз өртеу, бақылаусыз құрғақ шөптің құлауы, орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет:
- жанып жатқан сіріңкелерді, темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді лақтыруға болмайды;
- қылқан жапырақты жас шыбықтарда, ескі жанарғыларда, бүлінген орман учаскелерінде (жел құлатқан, дауыл құлатқан), ағаш кесу қалдықтары мен дайындалған сүрек бар кеспеағаштарда, қураған шөп бар жерлерде, сондай-ақ ағаштардың ұшарбасы астында от жағуға жол берілмейді.;
- шыны ыдысты өзімен бірге алып кету керек, өйткені күн сәулесі шыны арқылы өтіп, құрғақ шөптерді жағуы және өртеуі мүмкін;
- алауды жағу ені төрт метрден кем емес минералдандырылған жолақпен көмкерілген алаңдарда жүзеге асырылады. Алауға топырақ мұқият себіледі немесе жану толық тоқтатылғанға дейін су құйылады. Қатты желде үлкен от жағуға болмайды. Алауды қараусыз қалдырмаңыз;
- оттың орман және дала алқаптарынан елді мекендерге көшуіне жол бермеу үшін елді мекендердің аумағын жинау және жанғыш қоқыстарды шығару, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар өткізу;
- табиғи өрттер пайда болған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

 

Баянауыл ауданының ТЖ бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы