Рейд: «Улы газдан абай болыңыз!»

Жарияланған: 09.01.2018


Газ қалдықтарынан улану себептерінің көбеюіне байланысты, Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар  бөлімі мен жергілікті полиция қызметкерлері тұрғын үй секторларына тағы бір кезекті рейд өткізді. Бөлім қызметкерлерімен сақтандыру шаралары үздіксіз жүргізіліп отырады.

Рейд Баянауыл, Шонай ауылдарында және Майкайын кентінде өткізілді. Нәтижесінде 135 тұрғын үйлерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 386 үлкен адам, 69 бала қамтылды.

Рейд барысында төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға улы  газдан уланудың статистикасын келтіріп, қаншалықты газ қалдықтарының қауіпті екендігі туралы тұрғын үй иелеріне еске салды, сондай-ақ көмірқышқылдан улануды болдырмау үшін қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар ұсынды. Сонымен қатар, бұл ақпарат аудандық БАҚ арқылы да таратылады.

Газдан уланудан қорғанудың негізгі жолы ол-таза ауа және негізгі қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Уланудың бірінші белгілері: бас ауруы, бас дене мүшесінің ауырлығы, жүрек айнуы, бас айналу және жүрек қағуының жоғарлауы.

Газ қалдығынан улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек:

- Ең алдымен, уланушыны таза ауаға алып шығу керек. Адамды арқасымен жатқызып, тар киімдерінен босату керек;

- Басы мен кеудесіне суық компресс қою керек;

- Адам өзіне келгеннен кейін, оған жылы шай ішкізу керек;

Газ қалдықтарымен уланудың кез келген жағдайында зардап шегушіні білікті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемелерге жеткізу тиіс.

 

 

 

 

Рустем Толегенов

Баянауыл ауданының

ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы