Пресс-релиз

Жарияланған: 13.10.2017


  • Балық аулау және аң аулау демалыстың керемет түрлері, бірақ олар қауіасіздік ережелерін сақтамаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін.
  • 2017-жылда 8 ай ішінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан, балық аулау кезінде 47 адам суға кетті, қайықтарды колдану себепті 10 адам.
  • Қайыкпен балық аулау кезінде ескектерінің,құтқарушы шеңбердің,суды сыртқа төгетін ыдыстың бар екендігіне көз жеткізу керек.
  • Қайыққа отырғанда абай болған жөн. Қайықтың ортасына және біркелкі отыру кажет.Қайықтың бортына отыруға бір орыннан екінші орынға ауысуға, бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты шайқауға және одан секіруге болмайды. Қайықтағы адамдар құтқарушы жабдыктарда (құтқарушы желет, белдік)болуы кажет.

Құтқарушы жабдықтарсыз қайықта болған адамдарға ескерту жасалып немесе бір айлық есептік көрсеткіш  өлшемінде (583 бап Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі) айыппұл салынады.Түнгі уакытта балық және аң аулауға болмайды.

Қайыкта балық аулау немесе аң аулау кезінде сақтайтын қарапайым ережелер:

1) Өзіңмен дәрі-дәрмек салынған қорапша,шам,жергіліті жердің картасы.

2) Балық немесе аң аулайтын жерді  жіті қарап шығу.

3) Наркотикалық  заттар мен  спиртты сусындарды пайдалануға болмайды.

4) Міндетті түрде қайықтың бұзылмағандығын тексері, құтқарушы желет пен шенберді жарақтау керек.

5) Қайықта суды сыртқа төгетің шелектің  немесе басқада ыдыстың болуы қажет.

6) Балық аулауға керек жарақтар мен  заттар (киім, сөмке, чемодан)орындықтың астына қойылады.

Төтенше жағдайлар болған жағдайда  «112» құтқару қызметіне  телефон шалу қажет.

 

Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінің

жедел құтқару қызметі 5 бөлімінің аға құтқарушысы                               Джанкулов С.Б.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы