Введите ваш запрос для начала поиска.

Пештерді жазда дайындаңыз

Жарияланған уақыты: 05.09.2018


Күзгі-қысқы өрт қауіпсіздігі маусымы жақындаған сайын жеке сектор тұрғындары және бағбаншылары, әсіресе ауа температурасы төмендеген сайын түнгі уақытта жиі пешті жаға бастайды. Электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау себебінен, «Пеш» өрттерін және жануларын алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын еске салу үшін жеке секторлар бойынша рейдтерге шығуда.

Мамандар аудан тұрғындарына пештердің қызып кетуінен, кірпіштерде жарықтардың пайда болуынан, жағу үшін жану және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданғанның, жанып жатқан көмірдің сыртқа шығуының нәтижесінде көбінесе өрттердің болатыны жайлы айтты. Пештерді жанып жатқан кезде жиі қараусыз қалдырады.

Азаматтардың үйлерін өртке қарсы жағдайларын, олардың күзгі-қысқы өрт қауіпсіздігі маусымына дайндықтарды зерттеу мақсатында өрт-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып жүргізілуде, олардан өрттердің және адамдардың қаза болуына иетермелейтін, себептері мен шарттарын шығарудан, аудандық төтенше жағдайлар мамандарымен аула аралаулар басталды.

Рейдтер барысында төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға пештерді күлдерден, түтін құбырларын тазалау қажеттілігін, сонымен қатар кірпіш қаланғанын толығымен тексеру, қалыңтырдың бар болуы және жарманың іске қабілеттілігін еске салды. Ерекше назар өрттің себебіне әкелетін, пештің жанында тез тұтанатын материалдардың болмауына аударылды.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандар еске салады.

Ыңғайсыз жағдайда қалмау үшін, пештерді шана секілді алдын ала дайындау қажет. Пеш жылытумен қолданылатындардың барлығы, қарапайым ережелерді есте сақтау керек:
- Пештің және түтін құбырының жарамдылығын уақытылы тексеріңіз, оларды жөндеңіздер, күйеден тазалаңыз, жарықтарды сырлаңыздар;
- Шатырда құбырды және төбенің жоғарғы жағын сылаңыздар. Түтін құбырларын тігінен, сазды кірпіштен 500 мм кіші емес биіктікте, шатырдың ортасынан орналастырған дұрыс;
- Пештің есігі дұрыс жабылғандай, жөндеп алыңыз;
- Пештің маңына 50 х 70 см өлшемді қалыңтырды төсеңіз.

       Пешті дұрыс жөндеу жұмыстарын тек қана жақсы мамандарға ғана тапсырыс берген жөн. Бірінші кездескен «пешші» көмегіне бармаңыз. Ақшаны үнемдесеңіз де, өз отбасыңыздың және үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайсыз.

 

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімінің

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы