Пештен пешке дейін

Жарияланған уақыты: 28.02.2019


Пеш тек жылу беру көзі ғана емес, сондай-ақ өрт қауіпті нысан. Баянауыл ауданының ТЖ бөлімінің мәліметі бойынша апта сайын қалада пешпен жылытуды қолданатын тұрғындар үшін нұсқаулық өткізумен тұрғын үйлерді аралау және рейдтер өткізіледі, алайда, тұрғындар мамандардың ұсыныстарына немқұрайлы қарауды жалғастырады және соның нәтижесінде тұншықтырғыш газдың салдарынан ауруханаға түседі.

 Рейдтер жүргізген кезде көптеген бұзушылықтар табылады: пеш алдында оттық парағының жоқтығы, сылағы түсіп қалған, кей жерлерінде көптеген жарықшақтарымен кірпіш қалауын ашық қалдырумен, ол жерлерде пештің қабырғаларында күйенің іздері бар, күл жинағыштардың есіктері қисайған, пештер ағаш тасалармен бірігіп тұр, пеш қасында ағаштар кептірілуде, ал пештің өзінде әртүрлі қоқыстар жатыр. Ескертулермен үй ішіндегілер келіседі, алайда оларды жоюға еш асықпайды, осыдан тұншықтырғыш газдан зардап шегушілер көбейеді. ТЖ қызметінің қызметкерлері тағы және тағы да пештен пешке барып, үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін ескертеді және қалай пешті дұрыс қолдану керектігі мен қалай тұншықтырғыш газдың құрбаны болмау керектігі жөніндегі жаднамаларды азаматтарға тапсырады.

Азаматтық қорғау органының мамандары аудан бойынша жылыту кезеңі аяқталғанға дейін өртке қарсы насихаттау бойынша халықпен жұмыстар күшейтілді.

Тұрғын үйде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтарға мына шараларды орындауға ұсыныс беріледі:

- пештерді, түтіншыққыштарды мұқият қараңыз, егерде кішкентай жарықшақтар бар болса, оларды құм қосылған топырақпен сылаңыз, егерде үлкен жарықшақ болса – күрделі жөндеу жүргізуге тура келеді, ол үшін кәсіби пеш қалаушыны шақыру қажет; шатырдағы түтіншыққыш және түтін арнасы өтетін қабырғаларды, әктеу қажет, сонда туындаған жарықшақтарды уақытында анықтауға болады. Асбестцементті құбырларды шатырдан жоғары деңгейде кірпішпен қалау қажет, өйткені олар уақыт өткен сайын температураның өзгеруінен (жағу – суу уақытында) жарылып кетуі мүмкін;

- шатырды жылылауды жанбайтын материалдардан жасау қажет. Ең ары кеткенде, үгінділермен жылыланған, ескі үйлерде үгінділерді алып тастап, түтіншыққыштан ары бір метр қашықтықта шлакпен, керамзитпен немесе басқа жанбайтын материалдармен жылылау қажет. Бұл жағдайда, ұшқан ұшқын үгінделерге дейін жетпейді деген үміт бар;

- ешқашанда дұрыс емес пештерді қолдануға болмайды (жарықшақтары бар, есіктері дұрыс емес, оттығы бұзылған, түтіншыққыш арнасынан ағаш құрылысты қабырғаға дейін өртке қарсы бөлшегінің, қалқаның, және бөлгіштердің дұрыс болмауы);

- суық кезде пештерді ұзақ уақыт жағады, соның салдарынан пештердің кейбір бөлшектері қатты қызып кетеді. Егерде осы бөлшектер ағаш қабырғамен немесе жихазбен жанасып тұрса, онда өрт болатыны сөзсіз. Сондықтан пештерді бір рет ұзақ уақыт жаққанша, күніне 2-3 рет 1,5 сағаттан жағу ұсынылады;

- пешті жаққан кезде тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды;

- үш айда бір реттен кем емес бөлме пештеріндегі түтіншыққыштарды күйенің жиналып қалуынан, ал ас үй плиталарын, қазандықтарды – айына бір реттен кем емес тазалап отыру қажет.

Есте сақтаңыз, пешті дұрыс қолданбаған кезде тұншықтырғыш газбен улану мүмкін. Тұншықтырғыш газбен улану білінбеуі мүмкін, өйткені оның иісі де, түсі де жоқ. Тұншықтырғыш газдың адамға әсер ету механизмі, ол адам қанына түскенде, гемоглобин жасушаларын байланыстыруынан тұрады. Адам неғұрлым тұншықтырғыш газбен көбірек демалса, соғұрлым организм аз оттегі алады. Адам тұншығып, бас ауруы пайда болып, есінен таниды. Егерде уақытында таза ауаға шықпаса (немесе есінен танушыны таза ауаға шығармаса), онда өліп кетуі мүмкін.

Баянауыл ауданының ТЖБ

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы