Пеш адамға қайғы емес, жылу бергенде

Жарияланған: 15.11.2017


Өрттердің сандары мен олардың салдарынын туындаған жағдайлардың көбеюуі көбінесе жылыту кезеңінде болады. Осы мерзімде, адамға қайғылы жағдайлармен бірге дайындалмаған жылыту пештер өздерін көрсетеді. Жылыту пешті дұрыс пайдалану ежелден адамның үйіне жылу әкелген және әкеледі. Көпшілігіміз пеш туралы тек қана әнгімелер мен естуден ғана емес, күнделікті тұрмыста да кездеседі. Өрт қауіпсіздігі талаптарының нормаларына сәйкес жылыту пештің қалай болу керектігін байқайықшы:

      Жылыту пештен болған өрттің шығуының және адам өлуінің алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

жылыту маусымы кезінде пештер мен олардың түтінжолдары тиісті жай-күйде болуы шарт, пайда болған шетінеуді, әсіресе, шатыржайы жағынан болса, дер кезінде сазбен балшықтап, ағарту керек; пеш есіктерінің алдындағы ағаш еденде көлемі 50х70 см болатын темір қаңылтыр қағылуы тиіс; жылыту маусымында жылыту пештердің түтін мұржаларын, түтінжолдарын күйеден әрбір екі айда бір рет тазартып отыру керек; жаңа пеш қалауды, сонымен қатар жөндеуді іс-тәжірибесі жеткіліксіз пеш қалаушыларға сеніп істетуге болмайды, өйткені ғимараттың ағаш  құрылымын жанудан сақтайтын бөлулерді құру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын толық орындмауы мүмкін.       

         Естеріңізде болсын, жылыту пешті дұрыс пайдалану Сіздің үйіңізге жарық пен жылу әкеледі!

Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы