Павлодар облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй секторында рейд жүргізуде

Жарияланған: 26.08.2016


Тұрғын үй секторындағы өрттердің және оларда болатын адам өлімдерінің алдын алу мақсатында Павлодар облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп 216 адамды өрт қауіпсіздік ережелеріне үйретіп, тұрғын үй секторы бойынша 36 рейд жүргізді. Статистикаға жүгінсек  өрттердің көбі тұрғын үй секторында (тұрғын үйлер, моншалар, есік алды құрылыстары жанады) болады және өрттің шығуына кінәлі сол мүліктің иелері болып табылады. Олар өрт қауіпсіздік талаптарын бұзып төсек орнында темекі шегеді, ақауы бар электр құралдары мен пештерді қолданады, пештен алынған қызуы бар күлді есік алды құрылыстарына жақын төгеді.

Тұрғын үй секторында болатын өрттердің басты себептері электр жабдықтарын орнату және қолдану ережелерін бұзу, от жағатын пештер мен олардың түтіндіктерін дұрыс орнатпау және олардың дұрыс жұмыс істемеуі, от қолданғанда абайсыз болу болып табылады.   Жүргізілетін рейдтердің барысында халыққа өрт қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі, анықталған кемшіліктерді түзеуге ұсынымдар беріледі. Өрттер мен адам өлімдерінің алдын алу үшін орындалатын және жол берілмейтін қажетті шаралар көрсетілген жаднамалар, брошюралар табыс етіледі. Әр адам өз-өзіне  абайлаушылық және сергектікті қалыптастыру қажет. Өрттердің алдын алудың жалғыз ғана шарасы - өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау.

                

Павлодар облысы ТЖ департаменті

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы