Павлодар облысы ТЖ департаментінде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Жарияланған: 09.09.2016


Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығында облыс көлемінде өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды және оның барысында тұрғын үй секторларындағы өртке жол бермеу мен оны алдын алу іс шаралары, сондай ақ бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра  отырып, тұрғындармен үгіт насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Департамент қызметкерлерімен тұрғындарды өрт қауіпсізгі шаралары бойынша оқыту және өртті алдын алу жұмысы жүргізілуде, бұл жұмыс баспа беттерінде мақалалар жариялау, жергілікті теледидар және радио арнасы арқылы хабарламалар беру, кино, теле және бейнефильмдер көрстеуді ұйымдастыру, тұрғын үй аулаларында, көшелерде, елді мекендерде, әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде, көлік және байланыс кәсіпорындарында, емдеу және білім беру мекемелерінде конференциялар, нұсқаулықтар, кеңестер беру және тақырыптық лекциялар оқу, сондай ақ өрт техникалық орталық базасында лекциялар оқу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар жүргізу, конкурстар мен викториналлар өткізу және ашық есік күнін ұйымдастыру арқылы іске асырылуда. 

Өртті алдын алу және жол бермеу жұмысын жүргізу кезінде тұрғындар арасында жүргізілетін үгіт насихат іс шараларын жоспарлы, біркелкі  және жүйелі түрде тереңдету арқылы және де бала бақша мен мектеп қабырғасынан бастап жүргізуді жандандыру азаматтарымыздың өрт қауіпсіздігіне деген көзқарастарының деңгейін артыруға және тұрғын үй қорларының өртке қарсы қорғанысын күшейуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

 

Нұрпейісов А.Б., Павлодар облысы Баянауыл ауданы ТЖБ бас маманы

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы