Павлодар облысы: Автомобильдің өрт қауіпсіздігі

Жарияланған уақыты: 25.12.2018


Біздің қазіргі заманғы әлемде қозғалыстың таралған құралдарының бірі сөзсіз автомобиль болып келеді. Автомобиль дұрыс пайдалану мен ұқыпты күтімді талап ететін механизм. Көліктің негізгі тораптары мен агрегаттарын жүйелі түрде тексеруден басқа, көліктің өрт қауіпсіздігі сияқты факторды да мұқият түрде тексеру қажет. Автомобильдің маркасына қарамастан, біз көлікті өрттен сақтағымыз келеді. Солай, Баянауыл ауданының ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің қағидалары туралы жүргізушілерге түсіндірумен рейд өткізді.

Павлодар облысында ағымдағы жылдың басынан бастап автокөлік құралдары өртенуінің 69 оқиғасы тіркелді, ағымдағы жылдың тек тамыз айында 10 оқиға тіркелді. Автомобильдердің өртенуі себебінің көбі көлік құралдарының тораптары мен механизмдерінің, электр сымдарының ақаулары. Жанғыш материалардың бар болуы, өртенетін ортаның туындауы үшін жайлы жағдайлар, сондай-ақ өртену көздері – осының барлығы автомобильдің өрт қауіпсізігін шарттайтын факторлар болып табылады. Жанғыш материалдар автомобиль салонында да бар. Олар былғары, пластмасс, мата және басқадай заттар. Жеке бір маркаларда олардың жалпы салмағы 100 килограмнан асады. Автомобиль өртенуінің барлық күрделілігін нақты бағалау маңызды, өрттің негізгі себептерін табу және оның жою үшін дұрыс шешім қабылдау.

Зейін салыңыз! Машинадағы өртті лезде байқауға болады. Қақпақтың астынан түтіннің шығуы, кабинада өртенген резина немесе бензиннің иісі – бұл өртену немесе өрттің туындауына ықпал ететін факторлар. Егер машинаның астына төгілген отын өртенсе, өрт сөндіргішті ұнтақ немесе көбікті шетінен бастап ошақтың ортасына бағыттай отырып қолдану қажет. Қақпақтың астындағы өртенуді оны ашып барып сөндіру қажет. Машинаның жанынан монтировка немесе таяқпен абайлап ашу қажет, өйткені алдынан барып ашсаңыз от шарпуы әбден мүмкін. Өрт сөндіргішті өртенудің аса қарқынды ошағын бағыттау қажет, жалынға құм, қар, топырақ лақтырып, су құйып, брезент жабу қажет. Егер де қолыңыз бензин немесе киіміңіз майланған болса отқа жақындамаңыз – бұл өте қауіпті. Егер өртенуді тез жою мүмкін болмаса, өртеніп жатқан автомобильден алшақ тұрған жөн, өйткені отын құятын бактың жарылу мүмкін. Өртеніп жатқан автомобильде отырып, жүргізуге болмайды. Қауіпті аймақтың радиусы шамамен 10 метр және бұл маңайда адамдар болмауы тиіс. Сондай-ақ «101» нөмірі бойынша өртке қарсы қызметін шақырту қажет. Өрт сөндіру машинасы келгенге дейін өрт жақын орналасқан басқа көліктерге көшпеуі үшін, оған су шашыңыз.

Егер өртеніп жатқан автомобильдің ішінде адамдар болып, есікті ашу мүмкін болмаса, қолдағы бар құралдармен шынысын сындырып зардап шеккендерді алып шығуға тырысыңыздар. Автомобильде міндетті түрде іске жарамды өрт сөндіргіш болу керек. Және де бұл техникалық байқауды өту үшін қажетті аксессуар емес, шын мәнінде де барынша нұқсанды азайтып, біреулердің өмірін құтқаратын тәсіл. Қаншалықты өрт сөндіргіштің салмағы және көлемі бойынша кішкентай болса, соншалықты аз ғана алаңды өңдеуге болады, ал қаншалықты ол арзан болса, соншалықты төтенше жағдайлар кезінде жарамай қалуы әбден мүмкін. Автомобильдің өрт қауіпсіздігіне қатысты, қауіпсіздікті жүргізуші және жолаушылар да қатаң сақтауы қажет, өйткені өртенуді сөндіргеннен қарағанда ескерткен артық.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі автомобильдердің барлық иелерін өрт қауіпсіздігінің қағидаларын сақтауға шақырады.

 

ТЖ бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы